Бейсенбі, 23 Мамыр 2019
Оңтүстік өнеркәсіптік аймағы, "Талдықорған" индустриялық аймағының бос алаңдары, дамыған өндірістік инфрақұрылымы, дамыған әлеуметтік инфрақұрылымымен ұштастырылған қолайлы су және экологиялық жағдайлары бар.

Жаңалықтар

.

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 13.05.2019
Оқылды: 32 Печать страницы
.

Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбірайымов Ұлы Отан Соғысына қатысқан ардагерлерді үйіне барып, құттықтап шықты.
Алғашқы болып елімізде «Паравоз апа» атанып кеткен Алтынай Есболатова мен Михаил Барановтың үйіне барған Ғалымжан Райылұлы мен қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Ақшабай Керімбеков халін сұрап, келе жатқан мерекелерімен құттықтады.
Матай стансасының тумасы Алтынай апа соғыс кезінде әскери поезда машинист болған.
Майдандағы жылдарды есіне алған Алтынай апа жеңіске жеткізген Отанға деген шексіз сүйіспеншілік пен бірлік екенін атап өтті. Қала әкімінің келгеніне ризашылығын жасыра алмаған ардагер:
– Бізге қазіргі күні не керек? Бізді елеп, ескеріп, осылай келіп тұрғандарың біз үшін абыроай мен медет қой. Кейінгі ұрпақ біз көрген қиындықты көрмей, болашақтары жарқын болуын тілеймін! – деп Алтынай апа өзінің тілегін білдірді.

Ғалымжан Райылұлы өз кезегінде ардагерлердің ерлігі ақшамен өлшенбейтінін атап өтіп, өз атынан алғысын білдірді.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.