Бейсенбі, 23 Мамыр 2019
Қаладағы өнеркәсіп саны 152, оның ішінде 20 ірі және орта кәсіпорын, олар қаладағы жалпы өнеркәсіп өнімінің 55% өндіреді.

Жаңалықтар

Салықтық амнистия

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 14.05.2019
Оқылды: 31 Печать страницы
Салықтық амнистия

Ел басының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған, салықтың негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдарды және айыппұлды есептен шығару жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Мемлекет Басшысымен 2018 жылғы 28 желтоқсанында қол қойылған Заң 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді. Осы Заңға сәйкес, салықтық рақымшылық шағын және орта бизнес субъектілеріне 2018 жылдың 1 қазанындағы негізгі қарызын 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұлды есептен шығаруды көздейді.

Сонымен бірге, әзірленген түзетулерге сәйкес төмендегілер салық төлеушілерге рақымшылық қолданылмайды:

  • Мониторингке алынатын ірі салық төлеушілер;
  • Жер асты суларын, емдік балшықты алу құқығына иелік ететін жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылар;
  • Акцизделетін тауарларды өндірушілер;
  • Кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын немесе жеке практикамен айналыспайтын тұлғалар.

Жалпы, салықтық рақымшылық кәсіпкерлерді қолдаудың пәрменді механизмі болады және негізгі салықтарды төлеуге жақсы мүмкіндік береді.

Қосымша ақпарат: Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы ғимаратының 209 кабинеті немесе 24-34-81 телефоны арқылы.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.