Сейсенбі, 18 Маусым 2019
Қала аумағы 75,88 км2., тұрғындар саны 172,2 (1.01.2018 ж.), 70-тен астам ұлт және ұлыс өкілдері тұрады.

Жаңалықтар

.

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 16.05.2019
Оқылды: 64 Печать страницы
.

Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов бүгін салынып жатқан жол нысандарын аралады. Аралау барысында кейбір кеткен кемшіліктерді анықтап, жоюға күшін салды.

«Гордострой» ЖШС жұмыс жүргізіп жатқан нысандардың жұмыс кестесінің ұзақ екенін ескеріп, тапсырыс беруші мен мердігер компания директорына қайта қарастыруды тапсырды.

Ал Қабанбай батыр көшесінде тротуар салып жатқан мердігер компанияның асфальт құрамының дұрыс болмауынан жұмысты тоқтатып, асфальт құрамын өзгертуді қатаң тапсырды.

- Қазіргі уақытта Сіздер ұсақ түйірлі емес, ірі түйірлі қиыршық тас салып жатырсыздар. Бұл ертең бірінші қардан кейін-ақ үгітіліп, топырағы шығып қалады. Содан кейін халық мердігерді емес, қалалық әкімдікті кінәлайды. Тапсырыс алған соң, мемлекет қаржысына жасап жатқан соң жауапты болу керек. Барлық салған асфальтыңызды алып тастаңыз да, қайтадан технологияда көрсетілген фракция бойынша салып шығыңыз, - деді Ғалымжан Райылұлы.

Мердігер компания басшысы көп күттірмей, бірден кеткен қателіктерін түзеуге кірісіп кетті.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.