Сейсенбі, 18 Маусым 2019
Құрамына 8 елді мекен кіреді: Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы, Мойнақ ауылы, Еңбек ауылы, Пригородное ауылы, Ынтымақ ауылы, Еркін ауылы, 3-бөлімше.

Жаңалықтар

Талдықорғанда Үкіметтік емес ұйымдарға арналған үш қабатты әлеуметтік орталық ашылды

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 17.05.2019
Оқылды: 59 Печать страницы
Талдықорғанда Үкіметтік емес ұйымдарға арналған үш қабатты әлеуметтік орталық ашылды

Жаңа мекемеде ұйым өкілдері үшін барлық жағдай қарастырылған. Мамандар компьютерлік түрлі бағдарламаларды үйретуге, ағылшын тілін тегін меңгеруге және ең бастысы әлеуметтіктік жобаларды жүзеге асыруға жан-жақты тегін көмек көрсететін болады.
«Қаржыландыру көлемі жылдан жылға артып келеді. Облыс әкімдігінің қолдауымен 2016 жылы 25 млн болса, былтыр 50 млн теңгеге жетті. 2019 жылы 75 млн теңгенің гранты беріледі. Біздің үкіметтік емес ұйымдар тек қана облыстық қана емес, республикалық және халықаралық гранттарды алып, керемет жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар», - деді Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев. Жетісу өңірінде 1000 - нан аса үкіметтік емес ұйым бар. Бірақ оның 300-ден астамы ғана белсенді жұмыс істейтінін айтады мамандар. Ал мұндай орталықты ашудағы негізгі мақсат әр адамның қоғам алдындағы белсенділігін арттырып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуға бейімдеу. «Азаматтар күнделікті тіршілікпен, бизнеспен ғана емес, сонымен қатар өз айналасындағы қоғамға да өз үлесін қосу керек», - деді Рустам Алпысбаев.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.