Сейсенбі, 18 Маусым 2019
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта субъектілерінің саны - 1274 бірлік. Қалада 5 базар жұмыс істейді, оның ішінде 4 әмбебап және 1 коммуналды, 1029 сауда объектілері, 360 қоғамдық тамақтану объектілері, 657 тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету объектілері.

Жаңалықтар

.

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 20.05.2019
Оқылды: 40 Печать страницы
.

Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов қала әкімдігіне қарасты жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, кәсіпкерлік, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің өкілдерімен, жергілікті полиция қызметкерлері мен бірге облыс орталығының көшелерін аралап шықты.

Шаһар басшысы алдымен «Шығыс» шағын ауданындағы «Көктем» скверіне барды. Қазір мұндағы демалыс аймағы жасыл желекке оранып, қала көркіне сән қосқан. Алайда, сквердің кейбір қоршаулары құлаудың алдында тұр. Осыны байқаған Ғалымжан Әбдірайымов олқылықты дереу ретке келтіру керектігін айтты.

Сондай-ақ, ол жердегі айналма жолдың бойындағы көзге оғаш көрініп тұрған ағаштардың жабайы бұтақтарын алып тастауды және күнге әбден оңалып кеткен жол белгілерін ауыстыруды жауапты мамандарға тапсырды. Одан бөлек, әкімінің назары қалаға кіретін жолдың жиегінде жатқан қоқыс үйінділеріне де түсті. Мұның барлығы шаһар көркіне айтарлықтай нұқсан келтіретіндігін айтқан Ғ.Әбдірайымов жанындағы қызметкерлерге тапсырма жүктеді.

Осыдан кейін Ғалымжан Райылұлы айналасы абаттандырылып жатқан Қабанбай батыр ескерткішіне аялдады. Қазір онда ескерткіштің ажырап кеткен тақтайшалары желімделіп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Талдықорғандағы ең әдемі ескерткіштердің бірі саналатын нысанға әкім ерекше көңіл бөлу керектігін айтты. Сонымен қатар, сол маңайдағы тозығы жеткен шамдарды ауыстыру мәселесіне тоқталды.

Көктем келіп, күн жылығылы бері қазір автомобиль жолдарына және жаяу жүргіншілер өтетін жерлерге бояу жұмыстары жүргізілуде. Негізінде, жол сызықтары ұзақ мерзімге дейін бояуын жоғалтпай тұруы тиіс. Дегенмен, кейбір жерлердің қазірдің өзінде бояуын жоғалтып жатқанын көруге болады. Осыны байқаған қала әкімі жол саласы мамандарының ісіне қатаң сын тақты.

Ғ.Әбдірайымов «Мактуб» (SMALL) сауда орталығының маңында жалбырап тұрған жарнама плакаттарына да біраз шүйлікті. Кәсіпкерлік бөлімінің басшысына ескерту айтып, жарнама иелерімен тез арада жұмысты қолға алуды міндеттеді.

Бүгінде қала орталығында да жарнамалар жаңбырдан кейін шығатын саңырау құлақ секілді қаптап тұр. Қала әкіміне бұл жерде де сын айтуына тур келді.

«Біздің қала – Талдықорған емес, құдды бір жарнама мекені сияқты. Қызылды, жасылды бей-берекет ілінген жарнамалардан көз сүрінеді. Мұның барлығы шаһар келбетіне айтарлықтай сын. Бізге талапқа сай емес, заңсыз ілінген барлық жарнамаларды құрту керек», — деген Ғалымжан Әбдірайымов кәсіпкерлік бөліміне тапсырма берді.

Сондай-ақ, «Қазақтелеком» ғимаратының жанынан өткен қала әкімі: — Мына қоршаулар, орындықтар, қоқыс жәшіктері бүгінгі күннің талабына сай емес. Халық көп жүретін жер. Осыны айтқызбай реттеуге болады ғой?, — деді. Меншік иесіне хабарлама беру керектігін ескертіп, маңындағыларға тапсырма берді.

Орталық арбатқа соғып, одағы ондағы өсіп кеткен арқықтардың шөбіне, жарнамаларға және орталық әмбебап дүкенінің ескіріп кеткен қасбетіне мін тақты. «Керуен» сауда орталығының жазуын ауыстыртуда тапсырды.

Сонымен қатар, арбатқа кіреберіс жерде түтінін бұрқыратып кәуап пісіріп отырғандарға наразылығын айтты.

«Арбат — адамдар демалып отыратын жер. Осында кәуап сатуға бұлар қалай рұқсат алған? Түтіні айналаға жайылып, экологияға кесірін тигізуде. Түсінбеймін», — деген Ғ.Әбдірайымов мұның қаншалық заңды екендігін анықтауды тапсырды.

Осыдан кейін қала әкімі «Дәулет» сауда орталығына қарай барды. Ондағы тазалыққа және ойылып кеткен жолдарға мән беріп, атқарылуы тиіс шаруаларды назарға алды. Д.Қонаев ескерткішінен төмен қарай орналасқан сквердеге жүргізіліп жатқан суғару желісін қадағалады.

Жалпы, Ғалымжан Әбдірайымов қаланы аралау барысында қол астындағы әр салаға жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырма берді. Аталған олқылықтарды бір аптаның көлемінде ретке келтіруді міндеттеді. Әкімнің айтуынша, қаланы аралау жұмыстары ендігіде әр апта сайын болып тұрмақ. Егер де белгілі бір мерзімде айтылған жұмыстар жасалмайтын болса, қала әкімі бөлім басшыларына қатаң шара қолданатындығын айтты.

Айта кетейік, шаһар басшысы келесі аптада Талдықорғанға қарасты ауылдық округтерді аралайтын болады.

https://taldykorgan-online.kz

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.