Жексенбі, 16 Маусым 2019
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта субъектілерінің саны - 1274 бірлік. Қалада 5 базар жұмыс істейді, оның ішінде 4 әмбебап және 1 коммуналды, 1029 сауда объектілері, 360 қоғамдық тамақтану объектілері, 657 тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету объектілері.

Жаңалықтар

Бүгін әлем халқы 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау мерекесін атап өтуде.

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 01.06.2019
Оқылды: 23 Печать страницы
Бүгін әлем халқы 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау мерекесін атап өтуде.

Бұл ретте Жетісу жұртшылығы да қалыс қалмады. «Жастар» саябағында мерекелік шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиын ең әуелі жасөспірімдер шеруінен бастау алды.

Алғаш болып сөз алған Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев:

«Балаларға ашық аспан, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ, сыңғырлаған күлкі тілеймін. «Жастар — еліміздің келешегі. Ал, білімді жастар мемлекетіміздің жарқын болашағы» деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей Тәуелсіз Қазақстанды бәсекеге қабілетті, іргелі мемлекетке айналдыру, еліміздің болашағының жарқын болуы Сіздердің қолдарыңызда. Әрбір отбасы тәрбиелі, білімді азамат өсіріп, еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосуда» -деп жиналған қауымға ізгі тілегін білдірді. Сондай-ақ, Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов балдырғандарды төл мерекелерімен құттықтады.

«Алғашқы сәттен бастап өркениетті елдер қатарында бұл күнді айрықша салтанатпен қарсы алып, түрлі шаралар ұйымдастырудамыз. Өздеріңізге белгілі балалардың жан-жақты дамуына, білім алып, өнер жолын таңдауына барлық жағдай жасалған. Себебі, олар біздің әрбіріміздің үміт күткен ұрпағымыз, еліміздің болашағы. Бүгінгі күнге қуанышпен қадам басқан жас бала, ертең елдің тұтқасын ұстайтын азамат атанып, халқына қызмет етеді»-деді.

Салтанатты жиын барысында аталмыш мерекеге белсене атсалысқан бірқатар балалар өнер ұжымдары мен жетекшілері марапатталды. Айта кетейік, шаhарымызда орта есеппен алғанда жылына 4000-нан астам сәби дүниеге келеді. Қазіргі таңда 6 жасқа дейінгі талдықорғандықтар саны 29 мыңға жуық. Бұл барлық тұрғындардың 16 пайызын құрайды.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.