Жексенбі, 16 Маусым 2019
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта субъектілерінің саны - 1274 бірлік. Қалада 5 базар жұмыс істейді, оның ішінде 4 әмбебап және 1 коммуналды, 1029 сауда объектілері, 360 қоғамдық тамақтану объектілері, 657 тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету объектілері.

Жаңалықтар

Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов «Үйтас» саяжай кооперативіне келіп, тұрғындардың айтқан шағымдарын тыңдады.

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 05.06.2019
Оқылды: 36 Печать страницы
Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов «Үйтас» саяжай кооперативіне келіп, тұрғындардың айтқан шағымдарын тыңдады.

Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов «Үйтас» саяжай кооперативіне келіп, тұрғындардың айтқан шағымдарын тыңдады.

«Үйтас» саяжай кооперативінің алғашқы мәселесі – бұл ауыз су. Жиналған тұрғындары қалалық әкімдіктің мамыр айында су тарту жұмыстары басталатынын айтқанын алға тартты. Дегенмен қала әкімі Ғалымжан Райылұлы қазіргі уақытта құбыр тарту жұмыстары жүру үшін байқау жүріп жатқанын және оған 12 мердігер қатысып отырғанын алға тартып, "15 маусымда байқау аяқталады. Егер конкурстық процедуралар дұрыс болатын болса, осы маусым айының аяғында жұмыс басталып кетеді. Айтылған нәрсе жасалады " - деді.

Сонымен қатар, тұрғындар ауыз судан бөлек, жол, қоғамдық көлік, жарықтандыру, мектеп салу мәселелерін көтерді. Оған Ғ.Әбдірайымов барлық мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.