Сәрсенбі, 17 Шілде 2019
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі Жарлығымен Талдықорған қаласы Алматы облысының орталығы болып жарияланды.

Жаңалықтар

Бүгін Талдықорғанда көпбалалы аналарға арналған 125 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы басталды.

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 13.06.2019
Оқылды: 75 Печать страницы
Бүгін Талдықорғанда көпбалалы аналарға арналған 125 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы басталды.

Бүгін Талдықорғанда көпбалалы аналарға арналған 125 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы басталды.

Тұрғын үйдің қазығын қағуға шаһар басшысы мен бірге қаламыздың құрметті ақсақалдары, ақ жаулықты аналары қатысты. Салтанатты шарада сөз алған қала әкімі көпшілікті игі істің басталуымен құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді.

– Баршаңызға мәлім жыл сайын Талдықорған қаласында көптеген әдемі ғимараттар бой көтеруде. Міне, солардың қатарына көпбалалы аналарға арналған 125 пәтерлі екі тұрғын үй кіргелі отыр. Бұл өте қуанышты жағдай. Сонымен қатар, келесі аптада 100 коттедждің құрылысын бастау жоспарымызда бар. Ол да өз кезегінде көпбалалы аналарға берілетін болады. Одан бөлек, Алматыдан кіреберіс жердің сол жағында 600 коттедждің орны бар. Бүгінгі күні сондағы 155 баспананың құрылыс аяқталуға жақын. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, жуық арада соның ішіндегі 70 коттеджді де көпбалалы аналарға беретін боламыз, — деді Ғалымжан Әбдірайымов.

Сондай-ақ, қуанышты жайтқа куә болған ақсақалдар мен мешіт имамдары ақ тілегін ақтарып, батасын берді.

125 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын «LEPES» ЖШС өз қаражаттары есебінен жүргізуде. Оның 100 пәтері 3 бөлмеден, қалған 25 пәтері 4 бөлмеден тұрады. Үйдің құрылысы біткен бойда жергілікті әкімдік дайын үйді сатып алмақ. Мамандар құрылыс жұмыстары үстіміздегі жылдың соңына қарай аяқталады дейді.

Айта кетейік, қазіргі таңда облыс орталығында 3037 көпбалалы ана бар. Бүгінгі күні соның 1146-сы үй кезегінде тұр.
https://taldykorgan-online.kz

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.