Сәрсенбі, 17 Шілде 2019
Қалалық және ауылдық көше-жол желісін жалпы ұзындығы 427,9 км., оның ішінде 77% қала көшелері және 23% ауылдық елді мекен.

Жаңалықтар

Бірыңғай жиынтық төлем

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 17.06.2019
Оқылды: 58 Печать страницы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 203-VI Қазақстан Республикасының Заңымен 2019 жылдың 1 қаңтарынан бірыңғай жиынтық төлемнің енгізілуі қарастырылған.
Салық кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:
1) бірыңғай жиынтық төлемді төлеген;
2) жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
3) тек қана жеке тұлғаларға қызмет көрсететін және (немесе) акциздік өнімдерді қоспағанда, өзінің жеке қосалқы шаруашылығында өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн тек жеке тұлғаларға ғана өткізетін, дара кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі – БЖТ) төлеушілер деп танылады.
Осыған байланысты, басқа жеке тұлғаларға қызмет атқаратын және (немесе) жеке қосалқы шаруашылық өнімдерді өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлейді. Мысалы, егер заңды тұлғаға және (немесе) дара кәсіпкерге қызмет көрсетілсе, осындай қызметті көрсететін жеке тұлғаның – БЖТ қолдануға құқығы жоқ.
Сонымен қатар, бірқатар шектеулердің заңнамамен қарастырылғанына назар аударамыз.
БЖТ төлеушілері болып мыналар танылмайды:
1) коммерциялық жылжымайтын мүлiк объектiлерi аумағында, кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын, оның iшiнде меншік құқығындағы, жалдау, пайдалану, сенiмгерлiк басқару сауда объектілерін қоса алғанда, қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар;
2) тұрғын үйді қоспағанда, мүлікті жалға (мүлiктiк жалдау) беретін тұлғалар;
3) жеке практикамен айналысатын адамдар;
4) оралмандарды қоспағанда, шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар;
5) жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуі бар адамдар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер ретінде танылмайды.
Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген немесе жекеше практикамен айналысатын тұлғалар және стационарлық орындар арқылы қызмет атқаратын (коммерциялық объектілер – сауда объектілері, базарлар және т.б),  (тұрғын үйді қоспағанда) мүлікті жалға беретін тұлғалар БЖТ төлеушілері бола алмайды.
Осыдан басқа, БЖТ төлеушінің  табыс мөлшері күнтiзбелiк жыл үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарындағы айлық есептік көрсеткіштің 1 175 еселенген мөлшерінен аспауы тиiс.
Жеке тұлғалар, бірыңғай жиынтық төлем жасалған күннен бастап мұндай төлем жүргізілген айдың соңғы күніне дейін БЖТ төлеушілер деп танылады.
БЖТ жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің төленуге жататын сомалары қосылады. 
БЖТ мөлшері – 1 АЕК (республикалық және облыстық маңызы бар қалалар, астана үшін), 0,5 АЕК – басқа елді мекендерде құрайды.
  Бюджет пен қорлар арасында төлемдердің бөлінуі ыңғайлы болу үшін, бiрыңғай жиынтық төлем банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының шотына бір төлем тапсырмасымен жалпы сомамен төленуге жатады, ал Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы БЖТ –ді  ЖТС-на (бюджетке 10%),  әлеуметтік төлемдер ( 20 % ӘСМҚ), зейнетақы аударымдары (БЖЗҚ- на 30 %) және МӘМС –ға (медициналық сақтандыру) аударымдар (ӘМСҚ-на 40 %).
М.Атманов, Талдықорған қаласы бойынша
МКБ бас маманы

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.