Сәрсенбі, 17 Шілде 2019
Жалпы 60 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді, соның ішінде 51-і балабақша (оның ішінде 16-сы мемлекеттік, 35-і жекеменшік) және 9 шағын орталық. 26 жалпы білім беретін және 1 жеке меншік мектеп, 2 жоғары оқу орны, 13 колледж және 70 медициналық мекеме бар.

Жаңалықтар

«Тіл тазалығын сақтайық!»

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 19.06.2019
Оқылды: 56 Печать страницы
«Тіл тазалығын сақтайық!»

2019 жылғы 18 маусым күні Талдықорған қаласының орталығында «Тіл тазалығын сақтайық!» акциясының ашылуы өтті.

Акцияға «Тіл тазалығын сақтайық!» жұмысшы тобы, қала ардагерлері, мекемелердің тілге жауапты мамандары, қалада орналасқан сауда үйлерінің, жарнама агенттіктерінің басшылары, «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалының, Талдықорған қаласының жастар ресурстық орталығының өкілдері, Өтенай және Еркін ауылдық округтерінің тілге жауапты мамандары, БАҚ өкілдері қатысты.

«Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы С.Рысбаева акцияның негізгі мақсаты - қала бойынша халыққа қызмет көрсету нысандары мен қоғамдық көліктердегі деректемелер мен көрнекі ақпараттарда тіл нормаларының Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдарының талаптарына сәйкес ресімделуін, олардың сауатты жазылуын қамтамасыз ету және бұл іске қала жұртшылығын кеңінен жұмылдыру қажеттігін айтты.

Барлық қатысушыларға буклет, кітапшалар таратылды.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.