Сәрсенбі, 17 Шілде 2019
Құрамына 8 елді мекен кіреді: Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы, Мойнақ ауылы, Еңбек ауылы, Пригородное ауылы, Ынтымақ ауылы, Еркін ауылы, 3-бөлімше.

Жаңалықтар

«Болашақ» шағын ауданында орналасқан 16 қабатты тұрғын үйлердің кілті 200-ден астам отбасыға салтанатты түрде табысталды

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 09.07.2019
Оқылды: 49 Печать страницы
«Болашақ» шағын ауданында орналасқан 16 қабатты тұрғын үйлердің кілті 200-ден астам отбасыға салтанатты түрде табысталды

Елорда күніне орай «Болашақ» шағын ауданында орналасқан 16 қабатты тұрғын үйлердің кілті 200-ден астам отбасыға салтанатты түрде табысталды.

Пәтер иелерін құттықтай келген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «Баршаңызды Елорда күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Талдықорған қаласының тұрғындары үшін бүгін үлкен мереке, қуанышты күн. Қоныс тойларыңыз құтты болсын. Отбасыларыңыз аман, ұрпақтарыңыз бақытты болып, әр шаңыраққа құт-береке кірсін»-деп баспаналы болғандардың қуанышына ортақтасып, бірнеше пәтерді аралап шықты.

Құрылыс жұмыстары 2017 жылы қыркүйек айында басталған қаланың Оңтүстік-Батыс аймағында бой көтерген үйдің бірінші қабатында тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсету орталығы орналасқан.

Айта кетейік, қазіргі таңда халықты меншікті баспанамен қамтамасыз етуде облысымызда бірқатар игі жұмыстар атқарылуда. Елбасының бастамасымен қолға алынған «7-20-25», «Нұрлы жер» бағдарламалары арқылы мыңдаған жетісулық баспаналы болды. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Бақытты отбасы» әлеуметтік-тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аймағымызда көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету назардан тыс қалмақ емес. Облыс бойынша көпбалалы аналарға кәсіпкерлер тарапынан 116 пәтер және жеке тұрғын үй берілді. Сондай-ақ, 100 жеке үй, 125 пәтерлі қос көп қабатты үйлердің құрылысы аяқталып, жуырда қолданысқа берілмек. Жалпы, 2025 жылға дейін бес мыңға жуық көпбалалы отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда.

https://taldykorgan-online.kz/?p=14709

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.