Сенбі, 17 Тамыз 2019
Жалпы 60 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді, соның ішінде 51-і балабақша (оның ішінде 16-сы мемлекеттік, 35-і жекеменшік) және 9 шағын орталық. 26 жалпы білім беретін және 1 жеке меншік мектеп, 2 жоғары оқу орны, 13 колледж және 70 медициналық мекеме бар.

Жаңалықтар

Журналистер арасында «Самғау 2019» байқауы жарияланды

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 16.07.2019
Оқылды: 59 Печать страницы
Журналистер арасында «Самғау 2019» байқауы жарияланды

Журналистер арасында «Самғау 2019» байқауы жарияланды

Алматы облысы әкімінің журналистер арасындағы «Самғау» байқауы биыл да ұйымдастырылады. Байқауға жаңа номинациялар қосылып, жүлде қоры да еселенді. Бұл туралы Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Әлиұлы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында баяндады.

Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін журналисттер арасындағы «Самғау» байқауы Алматы облысының дамуына ақпараттық қолдау көрсетуге бағытталған облыстық ауқымдағы іс-шара болып саналады.

Байқауға Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын, өзекті мәселелерді жазатын, көрсететін аймақтық газеттердің, телерадиокомпаниялардың редакциялары, шығармашылық бірлестіктер мен ақпараттық агенттіктер, штаттағы немесе штаттан тыс авторлары қатыса алады.

Байқау келесі аталымдар бойынша өткізіледі:

1. « Жылдың үздік журналисті» (ақпараттық мақала);

2. «Жылдың үздік тележурналисті» (жаңалық сюжет);

3. «Жылдың үздік операторы» (бейнематериал);

4. «Жылдың үздік фотосуретшісі» (фотосуреттер);

5. «Облыстық журналистика саласына қосқан үлесі үшін» (ардагер журналист);

6. Жылдың үздік республикалық (халықаралық) тілшісі (репортаж, Алматы облысы туралы ақпараттық материал);

7. «Жылдың үздік тілшісі» (аудан, қалалық баспа баслымдары);

8. Жылдың баспа басылымның үздік дизайны, инфографикасы;

9. Жылдың үздік бейне-клип өндеушісі (монтаж);

10. Жылдың үздік облыстық, республикалық Vlog (Алматы облысы бойынша бейне-блог) немесе Үздік блогері (Алматы облысы туралы пост);

11. Жылдың үздік желілік басылымы

Байқау жұмыстары 2019 жылдың 1 қарашасына дейін қабылданады. Конкурсқа 2019 жылдың 1 қаңтарынан 1 қараша аралығында интернетті қоса алғанда, тіркелген газеттерде, тағы басқа да БАҚ-та, теле және радиоэфирлерде, блогтарда жарияланған материалдарды ұсынуға болады.

Сондай-ақ,байқауды өткізудің белгіленген мерзімінен бұрын немесе кейін жарияланған, бұрын жарияланып, қайта басылған материалдар байқауға қабылданбайды. Ұсынылған материалдардың коммерциялық сипаты болмауы керек.

Конкурстық материалдар келесі мекен-жайда қабылданады: Талдықорған қаласы, Балапан көшесі, №28 үй, Алматы облысының ішкі саясат басқармасы немесе uvp_smi@mail.ru электрондық мекен жай бойынша.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.