Сенбі, 17 Тамыз 2019
Оңтүстік өнеркәсіптік аймағы, "Талдықорған" индустриялық аймағының бос алаңдары, дамыған өндірістік инфрақұрылымы, дамыған әлеуметтік инфрақұрылымымен ұштастырылған қолайлы су және экологиялық жағдайлары бар.

Жаңалықтар

«Жұмыспен қамту» атты акция

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 02.08.2019
Оқылды: 23 Печать страницы
Әр шаңырақтағы баланың және бала тәрбиесінің орны ерекше. Оған оң мен солын танып, дұрыс тәрбие беру барша адамзаттың саналы мақсаты. Ал осы жылдың 26 шілде мен 1 тамыз аралығында жасөспірімдер арасында «Жұмыспен қамту» атты акция қолға алынды.
Талдықорған қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөліміндегі ювеналды полицияның жұмысты ұйымдастыру тобының инспекторы, полиция лейтенанты Гүлзира Сәкенованың айтуынша, «Қала бойынша өтіп жатқан шара Алматы облыстық ІІД-нің маусымның 23-ші жұлдызындағы арнайы нұсқауын орындау мақсатында қолға алынды. Мұнда жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың тарапынан құқық бұзушылықты ескерту, алдын алу болып табылады. Сондай-ақ, ІІБ-ның есебінде тұрған қолайсыз отбасыларында тәрбиеленетін жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру нысандарымен қамту мақсатында мүдделі органдардың өкілдерін тарта отырып қала аумағында маусымның аяғы мен тамыздың басында «Жұмыспен қамту» атты акция өткізілді. Шара барысында сала қызметкерлері, білім бөлімі мамандары мен «NUR Otan» партиясының өкілдері қатысуымен қала көлемінде орналасқан көлік жуу орындары, маршруттық автокөліктер, құрылыс объектілеріне рейд жүргізілді. Тексеру барысында жұмыс жасайтын жасөспірім балалар анықталмады»,-дейді.
Жазғы демалыс кезінде балалар мен жасөспірімдер спорттық-туристік, интеллектуалдық және шығармашылық жағынан өз қабілеттерін көтеруге ден қойған. Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған балаларды жазғы сауықтыру шарасымен қамту басты назарда. Үстіміздегі жылы аталған санаттағы 3532 бала қамтылып отыр. Олардың 142-сі жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар, сәтсіз отбасынан 48 бала, 21-і қалалық ІІБ жасөспірімдер бөлімшесі және 41-і мектепішілік инспекторлардың есебіне іліккендер.
Әрине, мұндай шара еліміз бойынша кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау мақсатында жүргізілуде.
https://taldykorgan-online.kz/?p=15140

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.