Сенбі, 17 Тамыз 2019
Құрамына 8 елді мекен кіреді: Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы, Мойнақ ауылы, Еңбек ауылы, Пригородное ауылы, Ынтымақ ауылы, Еркін ауылы, 3-бөлімше.

Жаңалықтар

«Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 09.08.2019
Оқылды: 46 Печать страницы
Бүгін талдықорғандық Тулақбаева Эльвира «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасымен Алматы облысы бойынша алғашқы үй алған тұрғын болып тіркелді.
Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов «Тұрғын құрылыс жинақ банкіне» арнайы келіп, Эльвира Мұхтарқызын құттықтады.
Тулақбаева Эльвира Талдықорғанда байланыс саласында қызмет етеді. Қазіргі уақытта екі баласы үй алғандарына өте қатты қуанып жатқанын айтып, мемлекетке алғысын жаудырып жатыр.
«Осындай «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасын енгізген мемлекетке рахмет. 2 пайызбен ипотекалық несие беру - ол азаматтар үшін өте үлкен көмек», - дейді Эльвира Мұхтарқызы қуанышын жасыра алмай.
Қазіргі уақытта Талдықорған қаласында 246 адам өтініш білдірсе, солардың 84 тұрғыны комиссиялық байқаудан өткен. Ал қалған азаматтар байқаудың нәтижесін күтуде.
«Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы несиеге үй алуға жеңілдік ретінде құрылған бағдарлама. Несие жылына 2 пайыздық мөлшерлемемен 19 жылға беріледі. Алғашқы жарна көлемі – 10 пайыз. Егер бағдарламаға қатысуға ниет білдірген көп балалы, әл-ауқаты төмен, мүгедек баланы асырап отырған жалғызбасты аналар немесе әкелер алғашқы жарнаны төлеуге мүмкіндігі болмаған жағдайда әкімшілік тарапынан 1 млн теңге көлемінде тұрғын үй сертификатын алуға мүмкіндігі бар.
Алайда, олар баспанаға мұқтаж отбасылар санатына жататынын дәлелдеуі қажет. Ол үшін атқарушы органнан көп балалы отбасы екенін дәлелдейтін анықтама алып, оны банкке тапсырады. Бұл бағдарламаға қатысушыларға қойылатын ең басты талап – Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшысы болуы міндетті. Олай болмаса, банктен дербес шот ашуға құқығы бар.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.