Сенбі, 17 Тамыз 2019
Жалпы 60 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді, соның ішінде 51-і балабақша (оның ішінде 16-сы мемлекеттік, 35-і жекеменшік) және 9 шағын орталық. 26 жалпы білім беретін және 1 жеке меншік мектеп, 2 жоғары оқу орны, 13 колледж және 70 медициналық мекеме бар.

Жаңалықтар

Талдықорғандағы №25 мектеп

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 13.08.2019
Оқылды: 25 Печать страницы
Талдықорғандағы №25 мектеп
Талдықорғандағы №25 мектепке алты алаштың алдаспан тұлғасы, қазақтың алғашқы Конституциясын жазған оқымысты, заңгер Барлыбек Сырттановтың есімін беру туралы шешім шықты.
Күні кеше Алматы облысының әкімдігінде мәслихаттың сессиясы өтті. Сессия отырысын облыстық мәслихат депутаты Тоқан Ботабеков жүргізді. Сессия отырысына облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров, облыстық мәслихат хатшысы Сұлтан Дүйсембінов және басқарма басшылары, аудан, қала әкімдері қатысты. Сессия отырысына ұсынылған мәселенің бірі Барлыбек Сырттанов көшесінің бойындағы №25 мектепке даңқты тұлғаның есімін беру. Депутаттар ұсынысты бірауыздан қолдап, ҚР Үкіметінің жанындағы республикалық ономостикалық комиссияның қарауына жіберді.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 21 маусымы күні Парламент Мәжілісінің мінберінде тұңғыш рет тарихи тұлға – Барлыбек Сыртанұлының есімі айтылып, оның өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметі, ұлт бостандығы үшін атқарған орасан зор қызметіне саяси баға берілді.
Бұл – тұлғатану ғылымы үшін үлкен жетістік! М.Бопазов, С.Үмбетов, Е.Бектұрғанов, Б.Смағұл, Б.Мамраев, Н.Дулатбеков сынды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Барлыбектану мәселесін көтерген еді.
Сол депутаттық сауал барысында Талдықорғандағы №25 мектепке тұлғаның есімін беру туралы ұсыныс айтылған болатын. Міне, бүгін сол депутаттық сауалдың және бірнеше мәрте жазылған ұсыныс хаттың үміті «жанып» отыр.
Енді сол облыс орталығындағы мектептің алдына қайраткердің еңселі ескерткішін орнатса, өскелең ұрпаққа қайрат берер рух болар еді.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.