Дүйсенбі, 16 Қыркүйек 2019
Қаладағы өнеркәсіп саны 152, оның ішінде 20 ірі және орта кәсіпорын, олар қаладағы жалпы өнеркәсіп өнімінің 55% өндіреді.

Жаңалықтар

Шахар басшысы қалалық мәслихат депутаттарының алдында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берді

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 14.08.2019
Оқылды: 53 Печать страницы
Шахар басшысы қалалық мәслихат депутаттарының алдында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берді
Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдіраймов қалалық мәслихат депутаттарының алдында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берді.
Бұл есепте барлық салаларға талдау жасап, тоқталды.
Ғалымжан Райылұлы Талдықорғанда үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне қала халқының саны 173,4 мың адам екенін айтып өтті.
«Қазіргі уақытта қалада экономикалық белсенді 91,4 мың адам, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар – 87,4 мың адам, жұмыссыздар – 4 012 адам, яғни экономикалық белсенді адамдар ішіндегі жұмыссыздық деңгейі 4,4 %.
2019 жылы 3 092 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған, бірінші жарты жылдықта 2 353 жұмыс орны ашылды.
Алдағы уақытта 97 жас азаматтар мен көп балалы отбасыға қайтарымсыз 48 млн. тг. несие беру жоспарлануда», - деді қала әкімі.
Сонымен қатар ағымдағы жылы тұрақты жұмыспен барлығы 1106 адам қамтылғаны, оның ішінде «Электрондық еңбек биржасы» арқылы жұмысқа орналасқандар саны 725 адам болғаны айтылды.
Есеп соңында қала әкімі шаһардың өркендеуіне жұмыс жасау баршамызға ортақ абыройлы іс екенін, және жұмыстардың өз мәнінде атқарылуы депутаттар корпусының белсене араласуынсыз мүмкін емес екенін баса атап өтті.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.