Дүйсенбі, 16 Қыркүйек 2019
Қаладағы өнеркәсіп саны 152, оның ішінде 20 ірі және орта кәсіпорын, олар қаладағы жалпы өнеркәсіп өнімінің 55% өндіреді.

Жаңалықтар

ЖКА бойынша ата-аналарға арналған ескертпелер

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 03.09.2019
Оқылды: 71 Печать страницы
 
Ата-аналарға ескертпе
"Балаларды көшеде жүру кезінде зеректікке үйрету"
Мектепке дейінгі жастағы баламен көшеде жүріп келе жатқанда оның қолынан мықтап ұстаңыз.
Баланы зеректікке үйретіңіз. Егер кіре беріс есіктің (подъезд) қасында көлік құралдары тұрса, немесе ағаштар, бұталар өсіп кеткен болса, балаңызды жан-жағына мұқият қарап, жақындап келе жатқан көліктің жоқтығына назар аудару керектігін үйретіңіз. Егер үйге кіреберістің жанында көлік жүретін болса, оған өзіңіз де назар аударыңыз. Баламен бірге көліктің келе жатпағанына көз жеткізіңіз.
Тротуармен жүріп келе жатқанда көлік жүретін бөліктен алысырақ жүріңіз. Үлкен адам көліктер жүретін жақта болуы шарт.
Балаңызды тротуармен жүріп келе жатқанда аулалардың аркаларынан және бұрылыстардан көліктердің шыға келуіне мұқият назар аударуға үйретіңіз.
Көлік жүретін жолды кесіп өтерде жан-жағыңызға қараңыз. балаңызға жолдан өтерде қалай қарау керек екенін көрсетіңіз: басты сол жаққа бұрамыз, оң жаққа, тағы да сол жаққа. Жолдың ортасындағы жолаққа келгенде онымен бірге бастарыңызды оң жаққа бұрыңыздар. Егер көлік жүріп келе жатпаса одан әрі өтіңіз, ал егер көлік көрінсе сол сызықта тұрып, балаңыздың қолынан мықтап ұстап, көлікті жіберіңіз.
Балаңызға алысқа қарауды, жақындап қалған көлікті жіберуді үйретіңіз.
Жақындап қалған көлікке қарап тұрып, балаңыздың назарын үлкен машиналардың (автобус, троллейбус) артында қауіп болуы мүмкін екеніне аударыңыз: аса жылдам жүріп келе жатқан жеңіл көлік немесе мотоцикл болуы мүмкін. Сондықтан тоқтап, артында қауіп жоқ екеніне сенімді болған соң ғана жүру керек екенін айтыңыз.
Балаңызбен бірге көлік жүретін жолға көз жүгіртер жерді жауып тұрған автомобильдің, бұталардың артынан шықпаңыз.
Көлік жүретін жол бөлігін қиғашынан емес, тура, перпендикуляр жасап өтіңіз. Балаға бұл көлік қозғалысын жақсырақ бақылау үшін керек екені түсіндірілуі тиіс.
Жолды тек қана бағдаршамның жасыл түсіне өтіңіз. Балаңызға жанып-өшіп тұрған жасыл түске жолды өтуге болмайтынын түсіндіріңіз. Себебі ол үш-ақ секунд жанады, ал мұның соңы жол көлік апатына ұласуы мүмкін.
Естеріңізде болсын, бала көшеде жүру ережесін үйренуде ең алдымен Сізден үлгі алады, сонан соң ғана өзінің тәжірибесін жинақтайды.
 
Талдықорған қаласы ТЖ
алдын-алу және жою жөніндегі комиссиясы
 

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.