Дүйсенбі, 16 Қыркүйек 2019
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі Жарлығымен Талдықорған қаласы Алматы облысының орталығы болып жарияланды.

Жаңалықтар

Бүгін Талдықорған қаласының әкімдігінде Мемлекет басшысы Қасым–Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа арнаған Жолдауын талқылау мақсатында қала активі өтті.

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 04.09.2019
Оқылды: 66 Печать страницы
Бүгін Талдықорған қаласының әкімдігінде Мемлекет басшысы Қасым–Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа арнаған Жолдауын талқылау мақсатында қала активі өтті.
Бүгін Талдықорған қаласының әкімдігінде Мемлекет басшысы Қасым–Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа арнаған Жолдауын талқылау мақсатында қала активі өтті.
Қала әкімінің міндетін атқарушы Сайлауғалы Байназаровтың төралығымен өткен жиынға қалалық мәслихат хатшысы мен депутаттары, зиялы қауым, ардагерлер, қоғамдық кеңес мүшелері, «Нұр Отан» партиясы, құқық қорғау органдары қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекеме, бөлім, кәсіпорын басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиын барысында алғаш сөз тізгінін алған Сайлауғалы Әбдісәліұлы Президент Жолдауы – ел дамуына жаңа серпін береді деп атап өтті. Сондай-ақ, ол Жолдаудың негізгі 5 бағыттына тоқталып, жиналғандарды өз салалары бойынша табанды жұмыс жасауға шақырды.
Осыдан кейін Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекова баяндама жасап, Президент Жолдауын насихаттау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды айтып берді. Сонымен қатар, қаладағы ауыл-шаруашылығы, құрылыс, шағын және орта бизнес, әлеуметтік, білім, спорт саласындағы оң өзгерістерге тоқталды. Сөз соңында:
— Жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын Жолдау халықтың болашаққа деген сенімін нығайта түсері сөзсіз. Президент Жолдауы негізгі бағдарламалық құжат ретінде еліміздің даму келешегіне бағыт-бағдар беріп, барша Қазақстан жұртын ел келешегінің дамуына жұмылдыруға бағытталып отыр. Осы орайда Президент елдің әлеуметтік жағдайын көтерудегі әрбір ведомствоның жауапкершілігін нақты дәлелдермен көрсетіп берді. Мемлекет басшысы алдымызға нақты 5 міндетті айқындап беріп отыр. Еліміздің экономикасын қарқынды дамыту жолында осы белгіленген бағыттар бойынша мақсат-міндеттерімізді бірге жұмыла атқаруға шақырамын, — деді С.Арзанбекова.
Сондай-ақ, өз кезегінде сөз алған Талдықорған қалалық Мәслихатының депутаты, Ушинский атындағы №7 орта мектептің директоры Жамал Нұратайқызы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің төрағасы Баниямин Файзулин, қала тұрғыны, көп балалы ана Гүлзат Жарасбаева және Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақшабай Керімбековтер Жолдау айтылған негізгі міндеттерге қолдау білдіріп, өз ойларын ортаға салды.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.