Дүйсенбі, 16 Қыркүйек 2019
Қаланың аграрлық секторындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын 29 ауыл шаруашылық кәсіпорындары, 366 шаруа қожалықтары, 39 шағын қайта өңдеу кәсіпорындары (24 шағын-наубайхана, 2 шағын диірмен, 5 шұжық цехтары, 3 шағын сүт зауыты және т. б.).

Жаңалықтар

Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 06.09.2019
Оқылды: 23 Печать страницы
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйытқы болуымен қазақ әліпбиінің негізін салған Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен орайластырылған Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аясында салтанатты жиын өтті.
Жиынға ҚР Мәдениет қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы Әлімғазы Райымбеков, Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Сұлтан Дүйсенбинов, қоғам қайраткерлері мен тіл жанашырлары қатысты. Сұлтан Мырзабекұлы «Биылғы мереке Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауымен тұспа-тұс келіп отыр. Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған «Біздің ұстанымымыз: «Ел бірлігі – оның әралуандығында!» Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек. Сондай-ақ, тіл үлкен саясаттың құралы екенін де ұмытпаған жөн»-деген пікірін толықтай қолдаймыз. Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан тапсырмасын жүзеге асыру үшін бірінші кезекте «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан халқы Ассамблеясымен жұмыс жасап, өзге этнос өкілдерінің мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттырып, мемлекеттік тілді тегін оқыту курстарына жұмылдыру керек. Өңірімізде тілдік ахуалдың тұрақтылығын сақтау, латын негізді әліпбиге көшу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары кең көлемде жүргізіліп келеді» — деді.
Жиын барысында қазақ руханиятының дамуына ықпал етіп, жастардың шығармашылығын шыңдау мақсатында облыс әкімінің «Ақ қауырсын» әдеби жүлдесі үшін өткен «Жастар жырлайды» байқауының жеңімпаздары анықталды. Проза аталымы бойынша «Киелі топырақ» әңгімесімен Елдос Тоқтарбай, поэзия жанры бойынша Мұхтар Күмісбек лайық деп танылды.
Сондай-ақ, Жетісу жерінде кіндік қаны тамған, дүниеден өткен ақын-жазушылардың есімін ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған «Жетісудың жыр керуені» жобасының үздіктері мен «Тіл тазалығы» акциясының белсенді қатысушылары марапатталды.
Айта кетейік, аталмыш әдеби жүлде өткен жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған болатын. Нәтижесінде мерекелік жиында «Мәңгілік елдің мұраты» байқауы бойынша қаламгерлердің озық туындыларынан жинақталған «Ақ қауырсын» кітабының тұсауы кесілді.
Шара соңында мемлекеттік тілдің дамуы мен өркендеуіне өзіндік үлесін қосып жүрген бірқатар азаматтар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Алматы облысы әкімінің, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын иеленді.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.