Дүйсенбі, 16 Қыркүйек 2019
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі Жарлығымен Талдықорған қаласы Алматы облысының орталығы болып жарияланды.

Жаңалықтар

"Денсаулық фестивалі - 2019"

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 09.09.2019
Оқылды: 34 Печать страницы
Талдықорған қаласы Қаратал өзенінің жағалауында Алматы облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының, Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының және Талдықорған қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен "Денсаулық фестивалі - 2019" бұқаралық спорттық шарасы өтті.
Фестивальдің басталуымен қатысушыларды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Н.М.Теңізбаев және облыстық денсаулық сақтау басқарамасының бөлім басшысы Г.Р.Жүнісова құттықтап, барлықтарына сәттілік тіледі.
Фестиваль барысында облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледжінің спортшылары флеш-моб көрсетті, қалалық №1, №2 және №4 орта мектеп оқушылары черлидинг биі конкурсын ұйымдастырды, және бұқаралық жүгіріс өтті.
Жүгіріс қорытындысы бойынша, әйелдер арасында 1 орынды қалалық №2 емхана қызметкері Әбдіқадірова Әсем иеленсе, ерлер арасында 1 орынды қалалық жедел-жәрдем қызметі станциясының қызметкері Дүйсен Қанат иеленді.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.