Сейсенбі, 22 Қазан 2019
Талдықорған Жетісу аймағы Қаратал өзенінің бойында Жоңғар Алатауының батыс жағында орналасқан, солтүстіктен оңтүстікке қарай 11 км, батыстан шығысқа – 17,5 км созылып жатыр, теңіз деңгейінен 650 м-ден астам биіктікте орналасқан.

Жаңалықтар

АӘК: неліктен тоқтатылып немесе қайта есептеу жүргізіліп жатқан себептері тұралы ақпарат!

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 03.10.2019
Оқылды: 44 Печать страницы
АӘК: неліктен тоқтатылып немесе қайта есептеу жүргізіліп жатқан себептері тұралы ақпарат!

2019 жылдың 1 сәуірінен күн көріс деңгейінің 70% шегінде Атаулы әлеуметтік көмекті алып отырған отбасыларына жәрдем ақының неліктен тоқтатылып немесе қайта есептеу жүргізіліп жатқан себептері:
1. Өтініш иесінің «Жеке кәсіпкер», «Шаруа қожалығы» ретінде, табыс көзінің жасыруы расталғанда;
2. Отбасында студент немесе мектеп оқушысы, бала бақшаға баратын балалары басқа облыс, қала, аудандарда оқып, жүріп жатқаны расталғанда;
3. Отбасындағы жұмыс жасап жүрген азамат(ша)лардың табыс көзінің артуы (демалысқа шыққанда төленетін ақы, материалдық тұрғыда үстемақы алуы, басқа да табыс көздерінен түскен қаражаттары) расталғанда;
4. Отбасындағы бала 7-жасқа толғанда, бала күтімімен отырған әкесі немесе шешесінің тұрақты жұмысқа орналасып, немесе жұмыспен қамту шараларына қатысуы тиістігі;
5. Отбасының тұрмыстық жағдайы (тұрғын үйі, пәтері, жеке меншікте көлігі (автотранспорты), мал шаруашылығы, бау-бақшасы анықталған жағдайда, АӘК участкілік комиссияның шешімімен тоқтатылады.
6. Өтініш иесінің отбасында, жұмысқа қабілетті отбасы мүшесінің «Бірыңғай
жиынтық төлем» төлеу арқылы, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтылған азамат(ша) екені.
Түсініктеме: БЖТ- бойынша сәуір айында ЕСП төлеген азаматтардың
құжаттары қабылданды. Сол бойынша жәрдемақы есептелінді.
ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің 2019 жылдың 26 тамыз күні №459 Бұйрығымен бекітілген БЖТ (ЕСП) төлеуші жәрдем ақы алып отырған азамат(ша)ларға, жұмыспен қамту шараларына қатысуы немесе тұрақты жұмыс істеу керектігі көрсетілген. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 774-бабына сәйкес Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілері болып табылатын жеке тұлғалар ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.
2019 жылдың 26 тамыз күні ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің №459 Бұйрығын негізге ала отырып, АӘК алатын от басы мүшесінің, бала күтімімен отырған және 18 жасқа толмаған балаларына -50% төленіп, ЕСП төлеген азамат(ша)сына тұрақты жұмыс істеу ұсынылады, егер Орталық ұсынған жұмыспен қамту шаралары мен тұрақты жұмыстан бас тартса, жәрдем ақы 100% тоқтатылады.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.