Сейсенбі, 12 Қараша 2019
Жалпы 60 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді, соның ішінде 51-і балабақша (оның ішінде 16-сы мемлекеттік, 35-і жекеменшік) және 9 шағын орталық. 26 жалпы білім беретін және 1 жеке меншік мектеп, 2 жоғары оқу орны, 13 колледж және 70 медициналық мекеме бар.

Жаңалықтар

Талдықорған қалалық мәслихатындағы "Нұр Отан" партиясы депутаттық фракциясының отырысы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 08.11.2019
Оқылды: 36 Печать страницы
Талдықорған қалалық мәслихатындағы

Талдықорған қалалық мәслихатындағы
"Нұр Отан" партиясы депутаттық фракциясының отырысы.

"Nur Otan" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбектің, Алматы облыстық партия филиалы және ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшылығының хаты негізінде ағымдағы жылдың 30 қазан күні қалалық "Nur Otan" партиясының депутаттық фракция отырысы Талдықорған қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірайымовтың бастамасымен өткізілді.
Депутаттық фракция отырысында Ғ.Р.Әбдірайымов:
1. "Өңірлерді дамыту", 2016-2020 жылдарға арналған Алматы облысының аумағын дамытудың қолданыстағы бағдарламасының Талдықорған қаласында іске асуы туралы;
2. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы атқарылған жұмыстар мен қызметтерді электронды форматқа ауыстыру, тұрғындардың цирлық сауаттылығын арттыру мен ақпараттық жүйелерді интеграциялау мәселелері туралы;
3. Талдықорған қаласы бойынша өзекті мәселелерді шешу туралы - 3 тақырыпта қалалық депутаттық фракция, қалалық қоғамдық кеңес мүшелері, мекеме басшылары алдында есеп берді.
Күн тәртібіндегі Талдықорған қаласы бойынша өзекті мәселелерді шешу туралы қала әкімі Ғ.Әбдірайымовтың есебін тыңдап және талқылап, депутаттық фракция шешім етті:
Талдықорған қаласы бойынша өзекті мәселелерді шешу туралы іс-шаралар жоспары қанағаттанарлық деп танылды және келесідей ұсыныстар қабылданды:
Қалалық әкімдікпен бөлім басшыларына:
1) Талдықорған қаласы бойынша өзекті мәселелерді шешу жұмыстарын әр бөлім бойынша одан әрі күшейту тапсырылды.
2) Қала әкімінің тұрғындарына есеп беру кезінде халықтың өзекті мәселелеріне талдау жасалып, 2020 жылдың 1 тоқсанына дейін тиісті ақпарат жолдануы керек.
3) Осы шешімдердің орындалуын бақылау, депутаттық фракция бойынша хатшысына жүктелді.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.