Бейсенбі, 12 Желтоқсан 2019
Жалпы 60 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді, соның ішінде 51-і балабақша (оның ішінде 16-сы мемлекеттік, 35-і жекеменшік) және 9 шағын орталық. 26 жалпы білім беретін және 1 жеке меншік мектеп, 2 жоғары оқу орны, 13 колледж және 70 медициналық мекеме бар.

Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметкерлердің табыстары мен мүліктерін жалпыға бірдей декларациялау

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 11.11.2019
Оқылды: 54 Печать страницы

Ағымдағы жылдың 03 шілдесінде жеке тұлғалардың табыстары мен мүліктерін жалпыға бірдей декларациялауды енгізуді 2020 жылдың 1 қаңтарынан 2021 жылдың 1 қаңтарына ауыстыруды және кезең-кезеңімен көшуді көздейтін «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (№262-VI ҚРЗ) ҚР Заңы қабылданған болатын.

Осыған байланысты, бірінші кезеңде – 2021 жылдың 1 қаңтарынан жалпыға бірдей декларациалау шеңберіндегі декларацияны:

жауапты мемлекеттік лауазымдағы адамдар мен олардың жұбайы;

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайы;

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайы;

«ҚР-ғы сайлау туралы» ҚР-ның Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «ҚР-ғы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР-ның заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады делінген.

Еgov.kz "Электрондық үкімет" порталында жеке тұлғаның мүлкі туралы мәліметтерді салық декларациясында автоматты түрде толтыру функционалы әзірленді. Жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап көзделгенін ескере отырып, бұл қызмет сынақ қызметі болып табылады, осыған байланысты пайдаланушының оны ұсыну нəтижелері бойынша жауапкершілігі туындамайды.

         Сондықтан, жоғарыда көрсетілген тұлғалар 250.00. нысанды жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны сынақ түрінде ұсынуға болатынын хабарлаймыз.

Сонымен қатар, kgd.gov.kz интернет-ресурсында барлық қажетті түсіндірме ақпараттары бар «Жалпыға бірдей декларация» бөлімі құрылған. Осы бөлімде жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация 250.00 нысанын толтыру бойынша нұсқаулық орналасқан.

 

Талдықорған қаласы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасының

бас маманы М.Атманов

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.