Бейсенбі, 12 Желтоқсан 2019
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі Жарлығымен Талдықорған қаласы Алматы облысының орталығы болып жарияланды.

Жаңалықтар

Активтер мен міндеттемелер туралы декларация

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 28.11.2019
Оқылды: 40 Печать страницы

Активтер мен міндеттемелер туралы декларация

 

            Ұлттық жоспардың 100 нақты қадамы «Индустрияландыру және экономикалық өсім» үшінші бағытында «Кірісті және шығысты жалпы жариялауды еңгізу» 42 қадам көзделген. Ол өз кезегігде Салық кодексінің 71 тарауында заңдық көрінісін тапқан.

           2019 жылдың 03-ші шілдесінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылданды. Осы заңға сәйкес Жалпыға бірдей декларациялау кейінге қалдырылды және 2021 жылдан бастап кезең-кезеңмен енгізілетін болады.

         Бірінші кезеңде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жауапты мемлекеттік лауазымдағы адамдар мен олардың жұбайы, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайы, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайы, «ҚР-ғы сайлау туралы» ҚР-ның Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «ҚР-ғы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР-ның заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.

         Декларациялау жүйесіне енген кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын болады (250.00 нысаны). Мұнда меншік құқығындағы мүлікті, соның ішінде пәтерлерді, машиналарды, банктердегі салымдарды міндеттемелерін көрсету қажет. Сонымен қатар;

-   Мүлкі туралы (ақшалар, бағалы қағаздар, қозғалмайтын мүліктері, жер учаскелері, көлік құралдары және басқасы);

-   Жария етілгенін қоспағанда, айлық есептік көрсеткіштің 5880-еселенген көлемінен аспайтын (15 миллион теңгеге дейін) қолда бар ақша қаражаттары;

-    Банктік мәліметтері (депозиттер, несиелер).

- айлық есептік көрсеткіштің 5880-еселенген көлемінен аспайтын сомаға қарызы бар екендігін растайтын келісімшарт немесе басқа құжаты негізінде жеке тұлғаға немесе жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдында қарызы туралы мәлімет.

Жеке тұлға өз тілегіне қарай төмендегілерді көрсетуге құқылы;

-   Мемлекеттік мәдени құндылықтар тізімдемесіне енгізілген мәдени құндылықтар;

-   биологиялық активтер (мал-құсы, балық және өсімдік тектес меншігі);

-   бағалы тастар және металдар, олардан жасалған зергерлік бұйымдар, өнер туындысы және антиквариаттар;

- бір бірлігі 5880-айлық есептік көрсеткіштің көлемінен асатын сомадағы, растайтын құжаттары бар, басқа да құнды заттар. 

Еgov.kz "Электрондық үкімет" порталында жеке тұлғаның мүлкі туралы мәліметтерді салық декларациясында автоматты түрде толтыру функционалы әзірленді.

Жалпыға бірдей декларациялау 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап көзделгенін ескере отырып, бұл қызмет сынақ қызметі болып табылады және тек алдын ала дайындау-ақпараттық мақсаттын көздейді. 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін осы сервисте декларацияны табыс ету міндетті болып табылмайды, осыған байланысты пайдаланушының оны ұсыну нəтижелері бойынша жауапкершілігі туындамайды.

         Сондықтан, жоғарыда көрсетілген тұлғалар 250.00. нысанды жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны сынақ түрінде ұсынуға болатынын ескертеміз.

Сонымен қатар, kgd.gov.kz интернет-ресурсында барлық қажетті түсіндірме ақпараттары бар «Жалпыға бірдей декларация» бөлімі құрылған. Осы бөлімде жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация 250.00 нысанын толтыру бойынша нұсқаулық орналасқан.

Талдықорған қаласы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасының

бас маманы М.Атманов

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.