Бейсенбі, 23 Қаңтар 2020
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі Жарлығымен Талдықорған қаласы Алматы облысының орталығы болып жарияланды.

Құрметті жерлестер! Біраз күннен кейін еліміздің тарихындағы аса мәртебелі мерекеміз – Қазақстан Республикасының 28 жылдығын атап өтеміз.

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 12.12.2019
Оқылды: 104 Печать страницы
Құрметті жерлестер! Біраз күннен кейін еліміздің тарихындағы аса мәртебелі мерекеміз – Қазақстан Республикасының 28 жылдығын атап өтеміз.

Құрметті жерлестер!
Біраз күннен кейін еліміздің тарихындағы аса мәртебелі мерекеміз – Қазақстан Республикасының 28 жылдығын атап өтеміз.
Осы уақыттың әр күні Тәуелсіздікті баянды етуге бағытталған жасампаз еңбекке толы болғаны баршаға аян.
Егемендіктің шарапатын сезініп, оның игілігі мен жемісін көру бақыты біздің ұрпақтың басына қонды.
Бұл әрине, айрықша мәртебе, зор қуаныш.
Сонымен қатар, осы орайда келер ұрпақтар алдында бізге аса салмақты жауапкершілік жүгі де жүктелгенін естен шығармауымыз керек.
Бұл туралы Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Елдің өркендеу кепілдігі мемлекетшілдік пен дәстүр сабақтастығында және оған деген құрмет пен адалдықта жатыр» - деп, атап көрсетті.

Осы орайда, облыс басшылығының қамқорлығымен біздің қаламыз да жаңғырып, жаңа шағын аудандар бой көтеріп, тұрғындар саны тұрақты өсіп келеді.
Экономикамыз қалыпты даму үстінде, тұрғындардың жайлы тұрмысын қамтамасыз ету мақсатында көптеген жобалар жүзеге асырылуда.
Жас ұрпақтың білім алуы мен жаңа технологияны игеруіне мүмкіндіктер жасалып, жаңа мектептер, IT - орталықтары ашылды.
Биыл бір ауысымда 320 адамды қабылдай алатын алғашқы медициналық көмек көрсету орталығы пайдалануға берілді.
Қазіргі кезде келер жылдың жоспарлары пысықталып, межелер белгіленуде.
Қорыта келгенде, Тәуелсіздік тойына Талдықорған жұртшылығының қосып отырған үлесі елеулі, табысы қомақты.

Осы ең басты мерекеміз қарсаңында желтоқсан оқиғасына қатынасқан азаматтар мен азаматшалармен кездесуге жиналып отырмыз.
Биыл желтоқсан оқиғасына 33 жыл толып отыр.
Сол оқиғадан кейін бес жыл өткен соң Қазақстан азаттығын жария етіп, Тәуелсіздік туын тікті.
Сол жылдары желтоқсан оқиғасына қатысы бар көптеген азаматтар жастар түрлі қиындықтарды бастан кешірді. Көптеген адамдар қызметінен босап, студент жастар оқудан шығарылды.
Алайда, Тәуелсіздігімізге қол жеткеннен кейін әділеттілік орнатылды.
Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1991 жылы 12 желтоқсандағы Жарлығымен Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың барлығы ақталды, олардың азаматтық құқықтары қалпына келтірілді.
Ал енді сол оқиғаға қатысқандар ішінде талдықорғандықтар да болғанын білеміз.
Бүгінгі күні олардың 27-сі қаламызда тіркелген.
Жоғарыда айтқанымдай, бүгін сол азаматтарға құрмет көрсету мақсатында бас қосып отырмыз.

Құрметті желтоқсан оқиғасына қатысушылар!
Сіздер бүгінгі күні де әр салада жемісті қызмет етіп, нағыз патриоттар ретінде еліміздің дамуына үлес қосып келесіздер.
Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктеріміз ұлан-ғайыр.
Ол Елбасының салиқалы саясаты, елдің бірлігі мен ынтымағының арқасы. Сол халықтың ішінде Сіздер де барсыздар.
Сондықтан бүгін Сіздерді арнайы түрде, осынау ұлық мереке –Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын.
Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін.
Әрдайым бастаған істеріңіз сәтті болып, бала-шағаларыңыз өсіп-өркендеуіне тілектеспін.
Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Ізгі тілекпен,қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.