Жұма, 21 Ақпан 2020
Құрамына 8 елді мекен кіреді: Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы, Мойнақ ауылы, Еңбек ауылы, Пригородное ауылы, Ынтымақ ауылы, Еркін ауылы, 3-бөлімше.

ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКIМI Ғ.Р.ӘБДIРАЙЫМОВТЫҢ 2020 ЖЫЛЫ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДА БЕРЕТIН ЕСЕБIНIҢ ТЕЗИСТЕРI

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 20.01.2020
Оқылды: 85 Печать страницы
ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКIМI Ғ.Р.ӘБДIРАЙЫМОВТЫҢ 2020 ЖЫЛЫ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДА БЕРЕТIН ЕСЕБIНIҢ ТЕЗИСТЕРI

Өткен жылғы қала аумағында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 10 тармақтан тұратын жұмыс бағыттары және «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында айқындалған міндеттер орындалды.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» еңбектерін насихаттап, жүзеге асыру бағытында қалалық ардагерлер ұйымының қатысуымен 15 ауқымды іс-шара өткізілді.

Қаладағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты, оның қалыптасуына үнемі мониторинг жүргізіліп отырады.

6 саяси партия филиалдарымен, қала аумағында белсенді жұмыс істейтін 128 үкіметтік ұйымдармен, 20 діни бірлестіктермен және 26 этномәдени орталықтармен өзара қарым-қатынас қолданыстағы заң-нама нормаларына сәйкес құрылған.

Жыл бойы конфессияаралық келісімді нығайту, халықтың діни сауаттылығын арттыру мақсатында қалалық ақпараттық-насихат тобы
79 іс-шара өткізді. БАҚ-та 47 мақала жарияланды, әлеуметтік желілерде жүзден астам материал орналастырылған. Осы тақырыпта қала көшелерінде 10 аспалы құрылым, 5 баннер орнатылды, LED экрандарда 7 бейнеролик тұрақты көрсетілуде.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында барлық бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Талдықорған қаласы әкімдігінің "Instagram" және "Фейсбук" парақшаларында азаматтар үшін қажетті барлық ақпарат жарияланып, тұрғындармен уақытылы, сапалы кері байланыс жасалуда.

Атап айтқанда, есепті кезеңде Талдықорған қаласы әкімдігінің ресми сайтына 96 сұрақ келіп түсті.

Жыл ішінде әлеуметтік желілердегі постарға түсініктеме түрінде азаматтардан 1 000-нан астам өтініш түсті, бұлар негізінен ТҮКШ, автомобиль жолдары, жолаушылар тасымалы, халықты жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек және мемлекеттік жәрдемақылар төлеу мәселелері бойынша.

Қоғамдық ұйымдарда белсенді азаматтармен, журналистермен және қала блогерлерімен бірнеше кездесулер өткізіліп, талқылау барысында қаланың және оның тұрғындарының ағымдағы маңызды мәселелері шешілді.

Алдын - ала мәліметтер бойынша үстіміздегі жылдың басында қалада 174,6 мың адам тұратыны анықталды, тұрғындар саны өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,6 мың адамға артты. Халықтың табиғи өсімі 2 672 адамды құрады.

2019 жылы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің тұрақты өсу серпіні сақталды (Алдын - ала статистикалық мәліметтерге сәйкес).

Өнеркәсіп саласында 76,0 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2018 жылдан 4 млрд. теңгеге артық. 2 жаңа өндіріс іске қосылды және 2 жұмыс істеп тұрған өндіріс кеңейтілді, соның есебінен 47 жаңа жұмыс орны ашылды.

Ауылшаруашылығында 0,5 млрд. теңгелік өсіммен 18,6 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. 6 бордақылау алаңы толығымен жүктеліп, бордақылауға 1,7 мың бас ірі қара қойылды.

Кәсіпкерлік саласына нақты жұмыспен қамтылған халықтың 30,5% - дан астамы тартылған. Жыл ішінде 478 жаңа жұмыс орны бар 60 жаңа нысан ашылды.

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында жалпы сомасы 256,5 млн.теңгелік 6 жоба бойынша сыйақы мөлшерлемелері субсидияланды, 8 жоба бойынша жалпы сомасы 230,7 млн. теңге ішінара кепілдік және 15 жобаға 28,9 млн. теңге гранттар берілді.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 75 млрд. теңгені құрады немесе 2018 жылдан 5,7 млрд.теңгеге артты.

Негізгі капиталдың инвестициялық көлемі 66 млрд.теңгені құрады, немесе 2018 жылға қарағанда 3,7 млрд.теңгеге өсті.

Инвестициялардың жалпы көлеміндегі бюджеттен тыс қаражаттың үлесі 54,0% - дан 63,0% - ға дейін артты.

Сәулет және қала құрылысы бойынша жалпы ауданы 44 га құрайтын «Жастар-3» және «Еңбек-1» тұрғын алаптарын түбегейлі-детальды жоспарлауға сәйкес жобалар әзірленді.

Сонымен қатар, 2020 жылы «Жастар-1/1» және «Жастар-1» тұрғын алаптарын Оңтүстік-батыс тұрғын ауданының екінші кезеңі Қаратал өзенінің оң жағалауы, жалпы көлемі 759,94 га құрайтын «Алмалы» және «Үйтас-Достық» саяжай алаптарын түбегейлі жоспарлауға сәйкес жобаларды әзірлеу және түзету жоспарланды.

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылысын қоса алғанда, жалпы құны 5,6 млрд.теңгені құрайтын 6 жобаны іске асыру аяқталды.

Нәтижесінде 230 пәтер, жалпы ауданы 22,0 мың шаршы метр 3 кредиттік үй, 20 пәтерге жалпы ауданы 1,4 мың шаршы метр 1 коммуналдық үй, жалпы ауданы 18,8 мың шаршы метр 218 коттедж пайдалануға берілді. Тұрғын үймен 468 отбасы қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, жеке инвесторлар 192 пәтерлік үш көпқабатты үй салды.

2019 жылдың 11 айында барлығы 101,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, демек, 2018 жылмен салыстырғанда 13% өсті.

«7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы аясында қала тұрғындарына 66 займ беріліп, Талдықорған қаласынан – 42, Алматыдан – 23 және Нұр-Сұлтан қаласынан - 1 баспана алынды.

«Бакытты отбасы» бағдарламасы бойынша 136 отбасы Талдықорған қаласынан баспаналы болды.

Қазіргі кезде алаңы 23,4 мың шаршы метр 282 пәтерлі 5 көп қабатты үй және жалпы ауданы 3,3 мың шаршы метр 37 коттедж құрылысы жалғасуда.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 - қаңтарына тұрғын үй алу кезегінде 17 170 адам тұр.

Коммуналдық шаруашылық саласында:

- Өтенай ауылында, Шайқорған, «Агро-өнеркәсіп», «Сарыарқа» саяжай қоғамы және тәжірибе шаруашылығы бөлімшесі аумағында 36 км су құбыры желілері;

- Өтенай ауылында 14 км су құбыры желісі, 1-әскери қалашықта ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесінің құрылысы;

- «Шайқорған» саяжай қоғамында 1,7 км электр желілері;

- Абылай хан көшесінде 1,4 км жылумен жабдықтау желілері салынды.

Жастар-2 ауданында 22,5 км. электрмен жабдықтау желілерінің және "Үйтас", «Мерекелік» саяжай қоғамдарында, қаланың өзге де учаскелерінде 69 км сумен жабдықтау желілерінің құрылысы және қайта құрылымдау жұмыстары жалғасуда.

Жалпы сомасы 524,4 млн.теңгеге «Жеңіс» және «Коммунальник» 2 саябақтары абаттандырылды.

218,9 млн. теңгеге 10 аула аумағы абаттандырылды, 38 аула бойынша басталған жұмыстар ағымдағы жылы аяқталады.

Қаланы газдандыру бойынша 862,0 км астам желілер салынды.

2020 жылдың 1 – қаңтарына дейін 8 761 абонент орталықтандырылған газ желісіне қосылды.

2019 жылы жалпы ұзындығы 76,1 км 80 көше жөндеудің барлық түрімен қамтылды, жолдарды жөндеу барысында 46 аялдама кешені ауыстырылды. Қала тұрғындарының өтініштері бойынша 10 бағдаршам кешені орнатылды.

«Қызылтас» және «Үйтас» саяжай қоғамдастығы аумағына жақын жерлерде Қаратал өзені арқылы өтетін 2 көпірдің құрылысы және орталық көшелерді жөндеу жоспарланды.

Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында Өтенай және Еркін ауылдық округтерінде жалпы ұзындығы 7,7 шақырым көшеге қиыршықтас төселді.

Бюджеттің кіріс бөлігінің болжамы 99,8%-ға орындалды, іс жүзінде 36,0 млрд.теңге түсті, оның ішінде жергілікті бюджетке-17,5 млрд. теңге немесе болжамдалғаны 107,2% - ы.

Бюджеттің шығыс бөлігі 41,8 млрд.теңгені құрап, 99,8% - ға орындалды.

2019 жылы мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру есебінен 5 367 жаңа жұмыс орны құрылды.

Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 5 587 адам өтініш білдірді, оның 4 826 адам жұмысқа орналасты. Жұмысқа орналастыру деңгейі 86,4% құрады.

Жұмыспен нәтижелі қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында қайта даярлауға 1 234 адам, жастар тәжірибесінен өтуге 294 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 71 адам, қоғамдық жұмыстарға 1307 адам жіберілді, 831,0 млн.теңгеге 106 шағын несие берілді. Жұмыссыздық деңгейі 4,4% құрады.

Білім беру саласында 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қамту көрсеткіші 93,9% құрады.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде орын алуға кезекте 3 жастан 6 жасқа дейінгі 1 187 бала тұр.

№7 орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді. №16 және №17 мектептердің аумақтары абаттандырылды.

Қала тұрғындарына медициналық көмекті 26 мемлекеттік және 5 жеке меншік медициналық мекеме, оның ішінде: 11 аурухана ұйымы, 4 фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункт, 5 дәрігерлік амбулатория және амбулаториялық-емханалық мекеме көрсетеді.

67 271 адам тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жалпы сомасы 949,8 млн.теңгеге тегін дәрі-дәрмек алды.

Қатерлі ісікпен сырқаттанушылық 100 мың тұрғынға шаққанда - 10,4%, қатерлі ісіктерден өлім-жітім - 5,8% төмендеді.

Сонымен қатар, туберкулез, қан айналымы жүйесі ауруларымен ауыратындардың саны және қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім-жітімі артты.

«Көктем» ш.а. алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы пайдалануға берілді.

Міндетті әлеуметтік - медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі шараларды іске асыру шеңберінде мынадай мәртебе анықталды: 1 емхана 105 650 тұрғынды, 2 емханада – 55 983 адам қабылдай алады, бұл 98,0% құрайды.

Өткен жылы 1 700 мәдени шаралар ұйымдастырылып, оған 80 мыңға жуық адам қатысты. 188 спорттық іс-шаралар өткізілді.

2019 жылы облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда қала спортшылары 277 алтын, 410 күміс және 450 қола медаль жеңіп алды.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жабық жүзу бассейнінің құрылысы жүргізілуде.

Криминогендік жағдай барлық бағыты бойынша тіркелген қылмыстар 17,9% - ға азайды.

Қылмыстың барлық бағыты бойынша ашылуы 47,4% құрады.

2019 жылы 200 жол-көлік оқиғасы орын алды.

Жыл ағымында өткен есептік кездесулерде тұрғындар көтерген ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Өткен есептік кездесулерде 194 сұрақ (2018 ж. - 90) қойылды, оның 184-іне жауаптар мен түсініктемелер берілді. 2019 жылы есептік кездесулерде тұрғындар тарапынан ойылған 194 сұрақтың 184-іне жауаптар мен түсіндірмелер беріліп,10-ы бақылауға алынды (ауыз су мәселесі – 1, жолдарды жөндеу – 3, санитарлық тазалық және аббаттандыру – 4, өзге де мәселелер - 2).

Жыл бойына іс-шаралар жоспарына сәйкес төмендегідей жұмыстар жүргізілді:

- «Агроөнеркәсіп», «Сарыарқа» және «Шайқорған» саяжайларында су құбыры желілеріне құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді.

- «Үйтас» саяжайында таза ауызсумен қамту жұмыстары 2020 жылдың қыркүйек айында аяқталады.

- Ұзындығы 39,4 км құрайтын «Талдықорған қаласының арық желілерін қайта құру» жобасы бойынша сараптама қорытындысы оң шешімін тапты. (2020 жылы жүргізілетін құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған бюджеттік өтінім әзірленуде).

- Ағымдағы жылы Гагарин көшесіндегі көпқабатты №106/110-үйлердің аулалары аббаттандырылады.

- Өтенай ауылында спорт алаңының құрылысы жоспарлануда (жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді).

- Өтенай а/о Ынтымақ тұрғын алабында су құбыры (16,1 км) және электр (21,2 км) желілерінің құрылысы аяқталды.

- «Көктал» тұрғын ауданының орталық көшелерін жарықпен қамтамасыз ету құрылғыларын орнату бойынша мемлекеттік сатып алу шарты а.ж. қаңтар айында жарияланатын болады.

- №31 бағыты бойынша жолаушылар көлігі мәселесіне сәйкес автобустар қозғалысының кестесі дайындалды. Барлық бағыттағы көлік қозғалыстары GPS-мониторингі бойынша диспетчерлік қызмет бақылауында тұр.

- «Жастар-2» тұрғын ауданында 13 көшеге қиыршықтас төсеу жұмыстары жүргізілді (ұзындығы – 11,5 км).

- Батыс тұрғын ауданындағы көшелерге жөндеу жүргізілді (оның ішінде – Ғалымдар к.).

- «Мүшелтой» ш.а. №21, 31 үйлерінің кіреберістеріне құрылыс жұмыстары 2020 жылдың жоспарына енгізілді (жобаға сәйкес 24 кіреберістерін жөндеу қарастырылған.

Әкім аппартының қызметі ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» туралы заңына сәйкес жүзеге асырылды.

Талдықорған әкімі аппаратына есепті кезеңде 7307 жазбаша арыз түсті (2018 жылмен салыстырғанда 840 арызға артық). Барлық өтініштер ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» туралы заңының талаптарына сәйкес қаралды.

Әкім және әкімнің орынбасарлары өткен жылы 882 азаматты жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Көпшіліктің көтеретін мәселесі: тұрғын үй (2790 немесе 38,1%) және жер қатынастарына (3102 немесе 42,4 %) қатысты.

Жемқорлыққа қарсы қалалық комиссияның жұмыс жоспары бойынша облыстық және қалалық прокуратурамен, ҰҚК Департаментімен, сондай-ақ «Nur Otan» партиясының қалалық және облыстық филиалдарымен, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірлесе отырып, Талдықорғанда «дөңгелек үстел» жиындары, 5 семинар, 4 акция, 3 конференция, 5 пікірталас, 10 кездесу және түрлі рейдтік шаралар өткізілді. Осы жұмыстар жөнінде облыстық және қалалық БАҚ-тарда 70-тен аса мақала жарық көрді. Қала аумағында 8 баннер орнатылып, ЛЭД экрандарда бейнесюжеттер ұдайы көрсетіліп тұрды.

Талдықорған қалалық әкімдігінің барлық құрылымдық бөлімшелерінде құқықтық жалпы білім аясында жемқорлыққа қарсы заңнамалар бойынша жұмыстар үнемі жүргізіліп тұрады.

Сондай-ақ, былтыр мемлекеттік қызметке нұқсан келтірген 6 адам тәртіптік жазаға тартылса, 1 қызметкер жұмыстан босатылды.

Қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері және Өтенай мен Еркін ауылдық округі әкімдері есепті жылы 102 389 мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның 40557-сі (38,85 %) электронды түрде.

Өтенай мен Еркін ауылдық оругі әкімдерінің ғимараттарында, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, білім бөлімі, жер қатынастары бөлімі, азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімі ғимараттарында және қаладағы 25 мектепте «Өзіне қызмет көрсету» бұрыштары бар, олар арқылы 4 924 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

«Open Taldykorgan - Сервистік әкімдігі» және «Адалдық алаңы – Талдықорған» сынды жобалар жүзеге асырылуда.

Сондай ақ, мемлекеттік органдардың базаларына (мемлекеттік кірістер, полиция, жол полициясы және т.б.) интеграцияланған «Smart city-Taldykorgan» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Бұл жерде 40-тан астам қалалық мекеме мен жеке фирмалардың қызметтері бойынша ақпарат алуға болады.

Үстіміздегі жылы мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша және Талдықорғанды дамыту бағдарламасы аясында жұмыстар жалғасын табады.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.