Бейсенбі, 20 Маусым 2019
Қала аумағы 75,88 км2., тұрғындар саны 172,2 (1.01.2018 ж.), 70-тен астам ұлт және ұлыс өкілдері тұрады.

Хабарландырулар

«Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет туралы ақпарат

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 14.12.2018
Оқылды: 218 Печать страницы
«Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 4 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. 2018 жылдың 11 ай қорытындысы бойынша:
1. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»; 2018-2019 оқу жылына 47 бала тасымалданады.
2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»; Округ бойынша нысаналы мақсатын өзгертуге 108 өтініш түсті, оның 98 өтініші қанағаттандырылды, 10 өтініш жер комиссиясының қорытындысының негізінде қанағаттандырылған жоқ.
3. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»; 2018 жылға өтініш түскен жоқ.
4. «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»; 2018 жылға өтініш түскен жоқ.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жолдауында 2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы, ал 2020 жылы кемінде 90 пайызы электронды форматқа көшіруілі тиіс деп айтылған. «Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтерді жандандыруға, қызмет алушыларды ақпараттандыру мен электронды түрде алуды насихаттау жұмыстарын атқаруда.
Еркін ауылдық әкімдіктің ғимаратында округ тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді алуға ыңғайлы, қолайлы жағдай жасалынып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алуды насихаттауды және цифрлы сауаттылығын арттыру мақсатында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ашылды. Бүгінгі күнге «Өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы тұрғындар 123 анықтамаларын алды. Бастағы мақсат – ол округ тұрғындарын элетрондық цифрлық қолтаңба алуды қамтамасыз ету.
2018 жылдың 14 қыркүйекте «Қала күні-2018» мерекесі аясында Қаратал өзеннің жағалауында «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі» өткізіліп, Еркін ауылдық округі қатысты. Аталған іс-шараның мақсаты: көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін, халықтың цифрлық сауаттылығын ашу және электронды түрде насихаттау.
Сонымен қатар, әкімдік ғимаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттар мен регламенттеріне Qr-код енгізілген. Қолында смартфоны және арнайы бағдарламасы бар тұрғын өзіне қажет қызметтердің заңдылықтарын оңай тексере алады.
Болашақта мемлекеттік қызметтерді электронды нысанда алуды халық арасында насихаттау жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру мақсатында округ елді мекендердің қоғам белсенділерінен насихаттау топтарын құрып, түсіндіру жұмыстарын жүргізужәне ЭЦҚ-мен ауыл тұрғындарын толық қамтамассыз ету.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.