Бейсенбі, 23 Мамыр 2019
Құрамына 8 елді мекен кіреді: Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы, Мойнақ ауылы, Еңбек ауылы, Пригородное ауылы, Ынтымақ ауылы, Еркін ауылы, 3-бөлімше.

Хабарландырулар

«Дін – зайырлы мемлекеттің рухани тірегі» дәстүрлі облыстық жыр мүшәйрасының ЕРЕЖЕСІ

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 14.03.2019
Оқылды: 92 Печать страницы
                                                                                                                       БЕКІТЕМІН
Алматы облысы дін істері
басқармасының басшысы
______________Р. Есдәулетов
                                                                                                        «_____» ___________  2019ж.                                        
 
«Дін – зайырлы мемлекеттің рухани тірегі»
дәстүрлі облыстық жыр мүшәйрасының
ЕРЕЖЕСІ
  1. Ұйымдастырушылар:
 
«Алматы облысы дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі,«Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  1. Мүшәйраның мақсаты:
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мен «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары ясында және ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жж. арналған тұжырымдамасын орындау мақсатындаҚазақстан халқының дәстүрлі рухани мәдениетін елімізде ілгерілету, рухани құндылықтарды жаңғырту және халықтың ұлттық санасын ояту арқылы теріс пиғылды діни ағымдарға қарсы тұру. Салт-дәстүр, мәдениетімізді көздің қарашығындай сақтай білу және тағылымы мол тарихымызды қастерлеудің қажеттілігін таныту, дін мен зайырлылық қағидаттарын айқындау, жастардың əдебиетке жəне патриоттыққа сүйіспеншілігін арттыру, тіл мәдениетін көтеру, халық арасынан шыққан ерекше таланттарды ынталандыру.
 
  1. Мүшәйраға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
  • Облыстық жыр мүшайрасына қатысушының  жас мөлшері 18-44 жас    аралығында болуы керек;
  • Ұсынылған өлеңдер міндетті түрде тақырыпты қамтуы тиіс;
  • «Дін – зайырлы мемлекеттің рухани тірегі» тақырыбында 2 өлең.
  • Екі өлең де мүшәйра өткенге дейін ешқандай баспа бетінде жарияланбаған және жинақтарға енбеген тың дүние болуы керек;
  • Өлеңнің көркемдігі, айтар ойдың мазмұны мен келтіріліген деректердің айқын болуы міндетті;
  • Байқауға өлеңдер екі тілде де қабылданады(қазақ, орыс);
  • Мүшайраға қатысушы өтінімі 2019 жылдың тамыз айына дейін қабылданады  (мүшәйраның салтанатты қорытындысы,  өтетін уақыты қосымша хабарланады);
  • Сарапшылар алқасы анықтаған байқау жеңімпаздары диплом және ақшалай сыйақылармен марапатталады:
1-орын – 1,
2-орын – 1,
3-орын – 1,
5 –ынталандыру сыйақылары қарастырылған
 
  1. Мүшәйраға ұсынылатын материалдар мына мекен-жайға
жолдануы тиіс:
 
Алматы облысы дін істері басқармасының«Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Талдықорған қаласы, Абылайхан көшесі 125.
Байланыс телефоны: 8(7282) 41-28-76,  87756205755
  1. Қатысушыларының тіркелу формасы
Аты-жөні:
 
Туған жылы:
 
Байланыс телефоны:
 
 
Жеке куәландыру құжатының көшірмесі
 

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.