Сейсенбі, 18 Маусым 2019
Қаладағы өнеркәсіп саны 152, оның ішінде 20 ірі және орта кәсіпорын, олар қаладағы жалпы өнеркәсіп өнімінің 55% өндіреді.

Хабарландырулар

«Дін және жастар» бұқаралық-ақпарат құралдарында жарияланатын облыстық мақалалар байқауының ЕРЕЖЕСІ

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 14.03.2019
Оқылды: 145 Печать страницы
                                                                                                                                          БЕКІТЕМІН
                      Алматы облысы дін істері
                       басқармасының басшысы
                     ______________Р. Есдәулетов
                                                                                                                       «_____» ___________  2019ж.                                        
 
«Дін және жастар»
бұқаралық-ақпарат құралдарында жарияланатын облыстық  мақалалар байқауының
ЕРЕЖЕСІ
 
  1. Ұйымдастырушылар
 
«Алматы облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі,                «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі .
 
  1. Байқаудың мақсаты:
 
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мен «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында және ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жж. арналған тұжырымдамасын орындау мақсатындарухани құндылықтарды жаңғырту, отбасы құндылықтары мен патриоттық қағидаттарды қалыптастыру, сондай-ақ халықтың ұлттық санасын ояту арқылы теріс пиғылды діни ағымдарға тосқауыл қою іс-қимылын таныту,  конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайту, жастарды рухани өнегелікке тәрбиелеу, дінтанулық сауаттылықты арттыру, қоғамды рухани жаңғыртудың идеялары мен құндылығын көрсететін қазіргі заманғы Қазақстандық авторлардың шығармаларын дамыту, қолдау және насихаттау.
 
  1. Байқаудың жалпы ережелері:
3.1. Өңірдегі  облыстық, аудандық, қалалық бұқаралық  ақпарат құралдары өкілдері, діни қызметкерлер мен имамдар, дін саласында қызмет ететін мамандар арасында өткізіледі;
3.2. Облыс көлеміндегі дін саласындағы өзекті мәселелерді баспасөз беттеріне жариялау;
3.3. Байқауға облыстық, қалалық, аудандық және өңірлік газеттердің редакциялары,шығармашылық бірлестіктердің баспасөз беттеріне бірнеше сапалы жарияланымдары басылған штаттағы немесе штаттан тыс тілшілері, діни қызметкерлер мен имамдар, дін саласында қызмет ететін мамандар қатыса алады.
 
4. Байқаудың негізгі  міндеттері:
 
4.1.Елімізде ынтымақ пен бірлікті нығайтуға, бейбітшілікпен татулықты сақтауға, аймақтарда тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған шараларға қолдау көрсету, діннің  асыл құндылықтарын өркениетті жолдармен көрсетуге үлес қосу;
4.2. Облысымыздың конфессияаралық  қатынас  саласындағы өзара ынтымақтастық пен сыйластық тенденцияларын кеңейте отырып,  Қазақстан Республикасында терроризм мен экстремизмнің алдын  алуға арналған шараларды белсенді түрде насихаттауды өрістету;
4.3. Тұрғындардың толеранттық санасын қалыптастыру;
4.4. Бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін  жас журналистердің және дін саласына қызығушылық танытқан азаматтардың діннің асыл асыл құндылықтарын түсінуіне назар аудару;
4.5. Байқауға қатысушылардың шығармашылық қабілетін анықтау және олардың танымалдығын арттыру, мақалалардың маңыздылығы мен өзектілігін сараптау, байқауға қатысушылардың кәсіби мүмкіндіктерінің жан-жақтылығын және жеке басының сапасын көрсету;
4.6. Талантты тілшілердің пулын кеңейту және пікір алмасу алаңында олардың жеке имиджін қалыптастыру;
  1. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:
5.1. Облыстық және қалалық, аудандық мерзімді басылымдар ұжымдары, дербес ізденушілер;
5.2. Байқауға байланысты  тақырыптың өзектілігі және мәнділігі;
5.3. Дін саласы бойынша жазылған мақаладағы тақырыптың  толық ашылуы, жазу стилі немесе жеткізу тілінің мәнерлілігі, материалдың жанрлық ерекшелігі, дәлдігі әрі түсініктілігі, мақалаларды жазудағы деректерді пайдалану шеберлігі және сауаттылығы;
5.4. Діни ахуал жайлы анонстық хабарламалар және мақалалар байқауға қатыстырылмайды;
5.5. Байқауға бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған кемінде 2 (екі) мақала жіберілуі тиіс.
5.6. Байқауға жіберілетін мақалаларға қосымша қатысушының  аты, жөні мен фамилиясы, мамандығы, жұмыс орны көрсетілуі қажет.
  1. Байқауды өткізу тәртібі:
Байқауға2019 жылғы 15 наурыздан 15 қазанға дейінгі уақыт аралығында мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі және ресми - орыс тілдерінде жазылған, қазақ, орыс тілді газеттерде, өзге бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалалар есепке алынады.
 
7. Қазылар алқасы:
Редакторлармен  белгілі журналистер, дінтанушылар мен діни сарапшылар (аты жөне қосымша хабарланады).
 
8. Байқаудың өткізу мерзімі: Талдықорған қаласы (Қазан);
 
9.Жеңімпаздарды марапаттау:
 
Қазылар алқасы анықтаған байқау жеңімпаздары «Зерделі зерттеуші»,«Үздік мақала», «Белсенді имам», номинациялары бойынша дипломдармен және арнайы ақшалай сертификаттармен  марапатталады.
 
10.Байқауға ұсынылған материалдар мына мекен-жайға жолдануы тиіс:
Алматы облысы дін істері басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Талдықорған қаласы, І. Жансүгіров көшесі, 13 А үй.
Байланыс телефоны: 8(7282) 40-13-39, факс 8(7282) 41-23-35, 8 747 900 26 46
 
 
«Дін және жастар»
облыстық мақалалар байқауына өтініш
 
Қатысушыларының тіркелу формасы
Аты-жөні:
 
Туған күні:
 
Байланыс телефоны:
E-mail:
 
 
Мен жұмысты өзім орындадым.
 
Мен мақалалардың авторымын және автор құқығына иемін.
 
Мен жеңімпаз бола алмаған жағдайда, жүлдеден үміттенбеймін және Алматы облыстық  дін саласындағы мәселелерді зерттеу  орталығының бұдан былай менің жұмыстарымды қолдануына қарсылық келтірмеймін
Қандай да бір үшінші тараптың менің жұмыстарымды қолдануға құқығы жоқ. Мен ұйымдастыру комитеті ұсынған ереженің талаптарын қабылдаймын.
 
Мақала туралы мәліметтер (атауы, қай номинацияға ұсынылған, ұзақтығы,  жұмыстың жетекшісі)
 
Қолы _________________________
 

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.