Сенбі, 17 Тамыз 2019
Қаладағы өнеркәсіп саны 152, оның ішінде 20 ірі және орта кәсіпорын, олар қаладағы жалпы өнеркәсіп өнімінің 55% өндіреді.

Хабарландырулар

Ағымдағы жылдың 15 шілдесінде Талдықорған қаласының 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясы жобасын әзірлеу аяқталатыны

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 30.07.2019
Оқылды: 38 Печать страницы

Сөз сөйледі:

А.С. Пен Талдықорған қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Талдықорған қаласының кономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-сі басшының орынбасары:

Ағымдағы жылдың 15 шілдесінде Талдықорған қаласының 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясы жобасын әзірлеу аяқталатыны туралы қатысушыларға хабарлады.

 Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық тыңдау өткізу қажет.

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1191 қаулысымен бекітілген Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне қойылатын үлгілік талаптарға (бұдан әрі - Талаптар) сәйкес қоғамдық тыңдауды Қоғамдық кеңес өткізеді. Осыған байланысты, сондай-ақ Талаптардың 5 тармағы негізінде, қоғамдық тыңдау тақырыбын анықтауды ұсынды: Талдықорған қаласының 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясының жобасын талқылау.

Сондай-ақ қоғамдық тыңдауды өткізу күнін және тыңдауды дайындау мен өткізуді, сондай-ақ оның қорытындылары бойынша ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асыратын комиссия құрамын анықтауды ұсынды.

"Талдықорған қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Талдықорған қаласы әкімінің құрылымдық бөлімшесі ретінде, сондай-ақ қоғамдық тыңдауды өткізуге дайындық бойынша комиссия қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға жауапты болып белгіленді.

Ж.А. Мейрембаев - Талдықорған қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы:

 А. С. Пеннің ұсынысын қолдап, Қоғамдық кеңес мүшелері арасынан Р.Ф.Хакимов, Л.Т.Базарқұлова, В.И.Сапожников, Т.С.Данабеков, А.С.Пен комиссия құруды ұсынды.  

Р.Ф. Хакимов - Талдықорған қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшесі: қоғамдық тыңдау күнін 2019 жылы  23 тамызына анықтау ұсынылды.

 

Дауыс беру нәтижесінде Талдықорған қаласының Қоғамдық кеңесі бірауыздан ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.2019 жылғы 23 тамызда "Талдықорған қаласының 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясының жобасын талқылау" тақырыбында қоғамдық тыңдау өткізілсін;

2. Қоғамдық тыңдауларға дайындау, жүргізу және оның қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірлеу бойынша комиссия құрамы анықталсын:

- Р.Ф. Хакимов – комиссия төрағасы

- Л.Т. Базарқұлова – комиссия мүшесі

- Е.Ешмұхамбетұлы – комиссия мүшесі

- Т.С. Данабеков – комиссия мүшесі

- Г.Н.Болтовская – комиссия мүшесі

 

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.