Дүйсенбі, 16 Қыркүйек 2019
Қала аумағы 75,88 км2., тұрғындар саны 172,2 (1.01.2018 ж.), 70-тен астам ұлт және ұлыс өкілдері тұрады.

Хабарландырулар

Талдықорған қалалық ардагерлер ұйымының қаладағы мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың, кәсіпорындар мен бизнестік құрылым ұжымдарының басшыларына және барлық қала тұрғындарына ҮНДЕУІ

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 20.08.2019
Оқылды: 39 Печать страницы
Талдықорған қалалық ардагерлер ұйымының қаладағы мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың, кәсіпорындар мен бизнестік құрылым ұжымдарының басшыларына және барлық қала тұрғындарына ҮНДЕУІ

 

Үстіміздегі жылы қаламыздың экономикалық жағдайын дамытуға, тұрғындардың әлеуметтік деңгейін көтеруге көптеген игілікті іс-шаралардың атқарылып жатқаны көпке мәлім. Бұл ретте қала әкімдігінің тұрмысы төмен отбасыларға, жалғыз басты адамдарға, көп балалы аналарға жасап жатқан қамқорлықтары мен қайырымдылық амалдарын айтуға әбден болады. Осы орайда айтатынымыз, биыл қаламызда көптеген көп балалы аналардың пәтерлер алуы, мүмкіндігі шектеулі балалардың, киім-кешек, оқу құралдарын алуы көңілге қуаныш ұялатады. Жуырда қала әкімінің шақыруымен Жамбыл облысынан «Ниет» қайырымдылық қоры келіп 200ден астам баланың көңілін тауып, ризалығын алды. Азаматтықты, адамгершілікті, парасаттылықты басшылыққа ала отырып қала әкімі бұл алдағы үлкен істердің бастамасы екенін, әлі де талай игілікті істердің атқарылатынын айтып ағынан жарылды. Ендігі айтарымыз, әкімдік тарапынан жасалған, әлі де жалғасын табар қайырымдылық істерді әрі қарай жалғастыру қажеттігі. Қаламызда экономикасы дамыған өндіріс ошақтары, бизнес құрылымдары, қалталы азаматтар баршылық. Енді осылар тарапынан аз қамтылған жанұяларға қамқорлық, қолдау жасалса нұр үстіне нұр болар еді. Орайы келгенде айтарымыз, қаламыздағы «Жерұйық-Өрлеу» ЖШС-нің ұйымы өз тарапынан тұрмысы төмен отбасыларға 50 тонна көмір алып беруге ниеттеніп, уәде беріп отыр.
Сондықтан қала ардагерлері барлық мекеме, ұйым, өндіріс басшыларына, жекелеген азаматтарға үлкен ой тастап, қайырымдылық жасайтындарына үміт артып, сенімділік білдіріп отыр.
Айтарымыз, «Жетім көрсең жебей жүр» деген қағидалы, қасиетті елдің азаматтары екенімізді ұмытпайық!
Бір-бірімізге көмек қолын созып Алланың шапағатына бөленейік, ардақты ағайын!

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.