Сейсенбі, 12 Қараша 2019
Қалалық және ауылдық көше-жол желісін жалпы ұзындығы 427,9 км., оның ішінде 77% қала көшелері және 23% ауылдық елді мекен.

Хабарландырулар

Абай Құнанбаев ескерткішінің мүсіндік макет жасауға арналған ашық сәулет байқауы туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 01.11.2019
Оқылды: 108 Печать страницы
Абай Құнанбаев ескерткішінің мүсіндік макет жасауға арналған ашық сәулет байқауы туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

          Талдықорған қаласының әкімдігі Абай Құнанбаев ескерткішінің мүсіндік макетін жасауға арналған ашық сәулет байқауына қатысуға шақырады.

          Байқау Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында,  сонымен қатар оның шығармашылығын насихаттау, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында өткізіліп отыр. Абай Құнанбаев - ұлы ақын, ағартушы, философ, жаңа қазақ ұлттық жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы. Байқауға Қазақстан Республикасынан мамандар (сәулетшілер, мүсіншілер, дизайнерлер, суретшілер), жеке шеберлер немесе шеберханалар, шығармашылық топтар қатыса алады.

          Өтінімдер  2019 ж. 1 желтоқсанына дейін қабылданады.

          Байқау бір кезеңнен тұрады.

          Байқаудың қорытындысы 2019 ж. 15 желтоқсанына дейін шығарылады.

          Мүсіндік үлгілерді әзірлеу байқаудың Ережесімен белгіленген құрамда және мазмұнда жүзеге асырылады.

          Өтінімдер мен мүсіндік макеттер Талдықорған қаласының әкімдігіне байқаудың жауапты хатшысына келесі мекен-жайы бойынша ұсынылады:  Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 256, 211 каб. Электронды пошта мекен-жайы: sots.blok@mail.ru. 

          Мүсіндік макеттерді дайындау барысында Байқау қатысушылары қажетті ақпаратты Жауапты хатшыдан ала алады. Жауапты хатшы 3 күннен кешіктірмей, қажет болған жағдайда Ұйымдастырушылық комитеттің және Сараптамалық кеңестің мүшелерін қатыстыра отырып жауап береді.

           Жауапты хатшы: Лесбеков Абай, «Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, тел. 87476008807.

 

Абай Құнанбаев ескерткішінің мүсіндік

 макетін жасауға арналған ашық сәулет байқауын өткізу

ЕРЕЖЕСІ

 

 

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

 

          1.1. Абай Құнанбаев ескерткішінің мүсіндік макетін жасауға арналған ашық сәулет байқауын өткізудің осы ережесі (ары қарай - Ереже) Талдықорған қаласы аумағында орналастыру үшін Абай Құнанбаев ескерткішінің (ары қарай - Ескерткіш) мүсіндік макетін жасауға арналған ашық сәулет байқауын ұйымдастыру және өткізу тәртібін, сондай-ақ, ұйымдастырушының, қатысушылар мен Байқауды Ұйымдастыру комитеті мүшелерінің, Байқаудың Сараптамалық кеңесінің (ары қарай – Сараптамалық кеңес), Байқау әділ-қазыларының (ары қарай – Қазылар алқасы) құқықтары мен міндеттерін анықтайды.

          1.2. Байқау Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында, сонымен қатар, оның шығармашылығын насихаттау, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында өткізіліп отыр. Абай Құнанбаев - ұлы ақын, ағартушы, философ, жаңа қазақ ұлттық жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы.

          1.3. Байқау - осы Ережеге сәйкес конкурстық негізде ескерткіштің мүсіндік макетін (бұдан әрі - мүсін макет) жасау үшін өнер саласындағы шара болып табылады.

          1.4. Байқау ашық болып табылады. Байқауға Қазақстан Республикасынан мамандар (сәулетшілер, мүсіншілер, дизайнерлер, суретшілер), жеке шеберлер немесе шеберханалар, шығармашылық топтар (бұдан әрі - қатысушылар) қатыса алады.

          1.5.Байқаудың ресми тілі қазақ және орыс тілі болып табылады.   

          1.6. Осы Ереже қазақ және орыс тілінде құрастырылған. Құжаттарды  әр түрлі түсіндіру нәтижесінде туындайтын келіспеушіліктерді шешу кезінде қазақ тіліндегі нұсқасы басым болады.

          1.7. Ұйымдастырушы Байқау аясында жасалған мүсіндік макетін, оның кескіндерін көпшілік алдында көрсету және баспасөзде, баспа басылымдарында, теледидар бағдарламаларында және көрме іс-шараларында пайдалану құқығын алады.

          1.8. Байқаудың тақырыбы - Абай Құнанбаев ескерткішінің мүсіндік макетін жасау.

         

 

2. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері

 

          2.1. Байқаудың мақсаты - Абай Құнанбаевтың ескерткішін жасау және тұғырға орнату үшін Ескерткіштің мүсіндік макетін таңдау, монументалды өнер туындыларын орнату саласында мәдени дәстүрлер мен кәсіби өнерді сақтау және дамыту; Талдықорған қаласы мен Алматы облысының тұрғындары мен қонақтарын қазақтың ұлттық мәдениетінің дәстүрлерімен таныстыру, Абай Құнанбаевтың шығармашылығын зерделеуге деген қызығушылықты арттыру.

2.2. Байқаудың міндеттері: байқау шарттарына сәйкес Ескерткіштің мүсіндік макетін ұсыну.

          2.3. Негізгі шығармашылық тапсырма – мүсіндік макет Абай Құнанбаевтың ескерткіші тұғырда толық бойымен және халыққа танымал үлгіде бейнеленуі тиіс.

 

3. БАЙҚАУ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫ

 

          3.1. Байқау ұйымдастырушысы Талдықорған қаласы әкімдігі болып табылады (ары қарай - Ұйымдастырушы), Ұйымдастырушының мекен-жайы: 04000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 256.

          3.2. Байқаудың Ұйымдастырушылық комитеті (ары қарай – Ұйымдастырушылық комитет):

          3.2.1. Ұйымдастырушылық комитет осы Ережеге №2 Қосымшаға сәйкес белгіленген Байқаудың іс-шаралар Жоспарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

          3.2.2. Ұйымдастырушылық комитеттің құрамы осы Ережеге №3 Қосымшаға сәйкес анықталған.

          3.2.3. Ұйымдастыру комитеті өз қызметін ақысыз түрде хаттамамен ресімделетін отырыстар мен шешімдер қабылдау арқылы жүзеге асырады.

          3.3. Байқаудың Жауапты хатшысы (ары қарай – Жауапты хатшы):

          - байқауға қатысушылардың барлығына бірдей ақпараттық жағдайларды қамтамасыз етеді;

          - Байқаудың іс-шаралар Жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді;

          - қатысушылардың сұрақтарына 3 күннен кешіктірмей жауап дайындалуын қамтамасыз етеді;

          - Сараптамалық кеңес пен Қазылар алқасының жұмысын қамтамасыз етеді;

          - Байқауға макетті ұсыну күні мен уақытын белгілейді және Ұйымдастырушыға белгіленген мерзім бұзушылықтары туралы хабарлайды;

          - байқауға қатысуға түскен мүсіндік макеттерін осы Ереженің 9 тармағына сәйкестігіне тексереді;

          - Байқауға қатысушыларға, Қазылар алқасына және Сараптамалық кеңеске қажетті көмек көрсетеді;

          - Ұйымдастырушылық комитеті мен Қазылар алқасы отырыстарының хаттамасын жүргізеді.

          3.3.1. Жауапты хатшы: Лесбеков Абай, «Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, тел. 87476008807, адрес: Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 256.  

 

 

 

4. БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

 

          4.1. Байқауға қатысуға мамандар (сәулетшілер, мүсіншілер, дизайнерлер, суретшілер) – Қазақстан Республикасынан жеке шеберлер немесе шеберханалар, шығармашылық топтар (бұдан әрі - қатысушылар) шақырылады.

          4.2. Ұйымдастырушылық комитетінің, Қазылар алқасының, Сараптамалық кеңестің мүшелері, сондай-ақ олардың отбасыларының мүшелері байқауға қатысуға немесе осы мәселеге қатысты қандай да бір тұлғаларға кеңес беруге құқығы жоқ.

 

5.Байқау кезеңдері мен өту тәртібі

 

          5.1. Байқау бір кезеңнен тұрады.

          5.1.1. Байқаудың нәтижесі - осы Ереженің 8-тармағында белгіленген қағидаларға сәйкес бір мүсіндік макетті таңдау  болып табылады.

          5.2. Байқау осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес Байқаудың іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде өткізіледі.

          5.3. Байқау туралы Ережені Ұйымдастырушының ресми интернет сайтында, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруды Ұйымдастырушы осы Ережені орналастыру арқылы қамтамасыз етеді.

          5.4. Өтінім осы Ережеге №1 Қосымшаға сәйкес бекітілген үлгі бойынша беріледі.

          5.5. Мүсіндік макет осы Ережеге №9 Қосымшаға сәйкес белгіленген құрамда ұсынылады.

           5.6. Байқауға қатысуға өтінімдерді, мүсіндік макеттерді қабылдау Жауапты хатшымен осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес байқаудың іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде жүргізіледі.

          5.7. Іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімнен кейін жолданған өтінімдер, мүсіндік макеттер қарастырылмайды.

          5.8.  Ереженің 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін мүсіндік макеттер қарастырылмайды.

          5.9. Байқауға шығармашылық ұжым қатысатын жағдайда шығармашылық ұжымның құрамы мен оның жетекшісі көрсетілуі тиіс.

          5.10. Өтінімдер, мүсіндік макеттер Ұйымдастырушының мекен-жайы бойынша ұсынылады: 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 256, «Абай Құнанбаевтың ескерткішінің мүсіндік макетіне арналған сәулет байқауы» деген белгісімен.  

          5.11. Сараптамалық Кеңестің, Қазылар алқасының мүсіндік макеттерді қарастыруы мен байқаудың қорытындысын шығару осы Ережеге №2 Қосымшаға сәйкес белгіленген іс-шаралар жоспары негізінде жүзеге асырылады.  

          5.12. Авторларды - байқау қатысушыларын ауыстыруға жол берілмейді.

          5.13. Байқау жеңімпазына Байқау жеңімпазының дипломы табысталады. Байқау жеңімпазына мүсіндік макетін жүзеге асыру құқығы беріледі.

          5.19. Ұйымдастырушы Байқау жеңімпазының мүсіндік макетін бір данада ілеспе хатпен Алматы облысы бойынша тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау орталығына жолдайды.    

                  

6. БАЙҚАУДЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

 

          6.1. Қазылар алқасының құрамына Байқауды ұйымдастырушының, мемлекеттік билік органдардың, кәсіби шығармашылық ұйымдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері енгізіледі.

          6.2. Қазылар алқасының құрамы Байқаудың барлық кезеңдеріне бірдей болып табылады. Ұйымдастырушы Қазылар алқасының мүшелерін 2019 жылдың 30 қарашасына дейін бекітеді.

          6.3. Қазылар алқасының жұмысы қоғамдық  негізде жүзеге асырылады.

          6.4. Қазылар алқасы өз жұмысында кәсібилік, пікір тәуелсіздігі және төрелік әділдік қағидаларын басшылыққа алады.

          6.5. Жауапты хатшы әділқазылар алқасының жұмысына дауыс беру құқығынсыз, құпиялылықты сақтау міндетімен қатысады.

          6.6. Қазылар алқасы:

          6.6.1. Мүсіндік макеттің осы Ереженің 8 және 9 тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкестігін қарауды және бағалауды жүзеге асырады;

          6.6.2. Сараптамалық кеңестің қорытындысын қарастырады;

          6.6.3. Байқаудың қорытындысын шығарып, жеңімпазын анықтайды.

          6.6.6. Байқаудың жеңімпазы болып Қазылар алқасы мүшелерінің неғұрлым көп дауысын жинаған Қатысушы табылады

          6.6.7. Қазылар алқасы отырыстарының хаттамаларына Қазылар алқасының барлық мүшелері мен жауапты хатшы қол қояды.

          6.6.8. Байқаудың қорытындылары бойынша Қазылар алқасының хаттамасына үш данада қол қойылды.

          6.6.9. Қазылар алқасы отырысының хаттамасына қол қойылғаннан кейін, Қазылар алқасының шешімі қайта қаралмайды.

 

 

7. Байқаудың сарапшылар кеңесі

 

          7.1. Сараптамалық кеңестің құрамына кәсіби шығармашылық одақтардың жетекші мамандары (мүсіншілер, суретшілер, монументалистер) кіреді.

          7.2. Сараптамалық кеңестің жеке құрамы Байқаудың барлық кезеңдеріне бірдей болып табылады. Ұйымдастырушы Сараптамалық кеңестің жеке құрамын 2019 жылдың 5 желтоқсанына дейін бекітеді.

          7.3. Сараптамалық кеңестің жұмысы қоғамдық негізде жүзеге асырылады.

          7.4. Байқауға ұсынылған мүсіндік макеттерге берілген сараптамалық бағалауы ұсынымдық сипатта болады.

          7.5. Байқаудың мүсіндік макетін бағалау осы Ережеге 2-қосымшада белгіленген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

          7.6. Сараптамалық кеңес:

          - ұсынылған мүсіндік макеттердің осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

         

 

8. БАЙҚАУҒА ҰСЫНЫЛҒАН МҮСІНДІК

МАКЕТТЕРДІ БАҒАЛАУ ҚАҒИДАЛАРЫ

 

 

          8.1. Мүсіндік макеттердің осы Ереженің талаптарына сәйкестігі.

          8.2. Бейненің көркем мәнерлігі.

          8.3. Мүсіндік макет құралдарының мәнерлігі, берілу идеясының анықтығы мен нақтылығы.

          8.4. Идеяның ерекшелігі.

          8.5. Ұсынылған шешімдердің экономикалық орындылығы және тиімділігі.

         

9.Мүсіндік жобалардың құрамына, мазмұнына және безендірілуіне қойылатын талаптар

 

          9.1. Мүсіндік макет төмендегідей тәртіпте ұсынылады: 

          9.1.1. Түсініктеме жазба, оның құрамында:

          - ескерткіштің көркемдік жобалауының, идеясын сипаттау және негіздеу;

          - ескерткіштің технкиалық сипатамасы, соның ішінде көлемі, материалы, түсі;

          - ескерткіштің жазуы, әдісі мен орындалуы, түсі;

          - экономикалық негіздеме.

          Түсініктеме жазба 2 данада, TimesNewRoman шрифтымен, көлемі 14, жол арасындағы интервал 1-ге тең болуы тиіс.

          9.1.2. Ескерткіштің жоспарын мен қасбеті көрсетілген графикалық материалдар (басты және қырынан);

          9.2. Ескерткіштің макеті тұғырда және тұғырдың негізімен 1:5 көлемінде.

          9.4. А3 форматты қағаздағы альбом 3 данада.

          9.2. Планшеттегі және альбомдегі барлық мәтіндер Байқаудың ресми тілі – қазақ және орыс тілдерінде әзірленуі тиіс.

 

 

 

 

10. Мүсіндік макеттерді ұсыну тәртібі

 

          10.1. Мүсіндік макеттерді әзірлеу осы Ережемен белгіленген құрамда және мазмұнда жүзеге асырылады.

          10.2. Мүсіндік макеттерді дайындау барысында Байқау қатысушылары қажетті ақпаратты Жауапты хатшыдан ала алады. 

          10.3. Мүсіндік макеттер Жауапты хатшыға «Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне келесі мекен-жай бойынша: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 256, 211 бөлмеге өткізіледі. Байланыс телефондары: 87282248242, 87476008807.

          10.4. Жауапты хатшы 3 күннен кешіктірмей, қажет болған жағдайда Ұйымдастырушылық комитеттің және Сараптамалық кеңестің мүшелерін қатыстыра отырып жауап береді.

 

11.АНОНИМДІЛІК

 

          11.1. Мүсіндік макеттер тек 6 арап сандарынан тұратын ұранмен ұсынылады. Ұран Байқауға ұсынылған жобаның барлық материалдарының оң жақ жоғарғы бұрышына жазылады, сонымен қатар ұранарнайы конвертке салынуы тиіс  (биіктігі 1 см). Бекітілген ұран конвертіне осы Ережеге 1 Қосымшаға сәйкес өтінім салынуы керек. Ұсынылған материалдарда Қатысушының есімі туралы ақпарат болмауы тиіс.

          11.2. Мүсіндік макеттердің ұрандары қаптаманың сыртына орналастырылады, конвертте және әрбір планшеттің оң жақ төменгі бұрышында, түсіндірме жазбада орналастырылады.

          11.3. Авторлық туралы ақпараттың жасырын болуына Ұйымдастырушы жауап береді.

          11.4. Өтініште көрсетілген мүсіндік жобалардың авторлығы туралы ақпарат Қазылар алқасының түпкілікті шешімінен кейін ғана ашылады. Байқаудың Ұйымдастыру комитеті Қазақстан Республикасының «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес, жеке тұлғаларға мәліметтерді жарияламауға, тек тікелей мақсатты пайдалануға  кепілдік береді.

          11.5. Байқаудың қорытындысы шықпайынша әрбір қатысушы өзі дайындаған мүсіндік макеттерін (толығымен немесе жартылай) жарияламауға міндеттеледі.

          11.6. Байқау жобаларына ұсынылған жобалық шешімдерге авторлық құқық Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарымен қоғалған.

1- қосымша

2-қосымша 

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.