Бейсенбі, 12 Желтоқсан 2019
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта субъектілерінің саны - 1274 бірлік. Қалада 5 базар жұмыс істейді, оның ішінде 4 әмбебап және 1 коммуналды, 1029 сауда объектілері, 360 қоғамдық тамақтану объектілері, 657 тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету объектілері.

Хабарландырулар

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады Тақырыбы: «Зейнетақыны жоспарлау»

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 26.11.2019
Оқылды: 26 Печать страницы

Хабарландыру!

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады
Тақырыбы: «Зейнетақыны жоспарлау»

2019 жылдың 29 қарашасында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін және 14:00-ден 17:00-ге дейін Талдықорған қ. «Қаратал» ш/а №22Б «Nur Otan» Партиясының Талдықорған қалалық филиалының ғимаратында «Ашық есік күні» шарасы өткізіледі.
Аталмыш шара барысында «БЖЗҚ» АҚ мамандары мемлекеттік/ мемлекеттік емес органдардың: тұрғындарға әлеуметтік қызмет көрсететін қоғамдық бірлестіктер, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдерімен бірлесе отырып, болашақ зейнетақыны жоспарлау бойыншда ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Қор мамандары бұған қоса зейнетақы капиталын қалыптастырудың маңыздылығы туралы әңгімелеп, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны жоспарлау жолдарын үйретеді және Қордың салымшылармен байланыс жасау арналары туралы мағлұматтар береді.
Шараға қатысушылар тек күн тәртібіндегі тақырып бойынша ғана емес, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Қор қызметі, сондай-ақ өздерінің жинақтары туралы да сұрақтарға тиянақты жауаптар алады.
«БЖЗҚ» АҚ өзінің салымшылары мен алушыларын және барлық ниет білдіруші азаматтарды «Ашық есік күні» шарасында күтеді!

На изображении может находиться: 1 человек, улыбается, стоит

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.