Бейсенбі, 23 Мамыр 2019
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта субъектілерінің саны - 1274 бірлік. Қалада 5 базар жұмыс істейді, оның ішінде 4 әмбебап және 1 коммуналды, 1029 сауда объектілері, 360 қоғамдық тамақтану объектілері, 657 тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету объектілері.

Сайлаушыларға

ҚҰРМЕТТІ ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫ АУМАҒЫНДА ТІРКЕЛГЕН САЙЛАУШЫЛАР!

2019 жылғы 9 маусым

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы

 

Сіздің сайлаушылар тізімінде болуыңыз конституциялық сайлауға қатысу құқығыңызды іске асырудың кепілдігі болып табылады.

Нақтылы сайлау учаскесiнде азаматты сайлаушылар тiзiмiне енгiзу үшiн оның осы сайлау учаскесiнiң аумағында тұрғылықты жерi бойынша тiркелу фактiсi негiз болады («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы 3-тармақ 24-бап).

Сайлау учаскелерінің шекаралары 2019 жылдың 12 сәуірінде «Талдықорған» газетінде (№15) жәнеқала әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

Сайлаушылар тізіміне азаматтарды дұрыс енгізу мақсатында қалалық әкімдікте call-centre жұмыс істей бастады. Орталықтың жұмыс уақыты 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Сізді сайлаушылар тізіміне енгізудің дұрыстығын тексеру үшін келесі телефон нөмерлеріне хабарласа аласыз 24 73 54, 41 16 67 немесе жеке куәлігіңізбен қала әкімшілігінің 308-ші кабинетіне келуіңізге болады.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.