Бейсенбі, 20 Маусым 2019
Қаладағы өнеркәсіп саны 152, оның ішінде 20 ірі және орта кәсіпорын, олар қаладағы жалпы өнеркәсіп өнімінің 55% өндіреді.

Ақпарат

Қала әкімінің және ауылдық округ әкімдерінің есептік кездесулері бойынша барлық сұрақтармен «Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» ММ мамандандырылған мемлекеттік қызметкерінен төмендегі көрсетілген мәліметтер арқылы біле аласыз:
Ұйымдастыру бөлімі: 24-72-69, 24-73-54, 24-73-25
 
 

Талдықорған қаласының әкімі Д.Т. Шалтабаевтың 2019 жылғы есебі барысында айтылған

халықтың ұсыныстары мен ескертулерін жүзеге асыру бойынша

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

№ р/с

Айтылған ұсыныстар/ескертулер

Ұсыныстар/ескертулерді жүзеге асыру жөніндегі шаралар

Орындауға жауаптылар

Аяқталу түрі

1.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  мәселелері:

 

Т.С. Қыдыралиев - қала әкімінің орынбасары

 

1-1

  • Шығыс шағын ауданындағы Тольятти, Виноградов көшелерінің,
  • Саяжай қоғамдарының

тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету туралы

Шаралар жоспарына енгізіліп, қаражатқа ұсыныс берілсін

IV тоқсан

Н.С. Қыстаубаев - ТҮКШ бөлімінің басшысы,

В.Ф. Ким - «Жетісу су құбыры»ҚМКК басшысы

Ақпарат,

пайдалануға беру актісі

1-2

Қаладағы арық жүйелерін жөндеу туралы

Қаладағы арық жүйелерін жөндеу және  қайта құрылымдау жұмыстары аяқталу бойынша шаралар жүргізілсін

IV тоқсан

Н.С. Қыстаубаев - ТҮКШ бөлімінің басшысы

Ақпарат,

пайдалануға беру актісі

1-3

Көпқабатты тұрғын үйлердің аумағын абаттандыру мәселелері (Гагарин көшесі, №106/110  үй)

А.ж. жөнделетін аулалар

тізіміне енгізілсін

IV тоқсан

Н.С. Қыстаубаев - ТҮКШ бөлімінің басшысы

Ақпарат,

фотосурет

1-4

Көктал тұрғын ауданындағы

көшелерін  жарықтандыру (Сатылы, Арша, Балбырауын көшелері)

Абаттандыру шараларының тізбесіне енгізілсін

III тоқсан

Қ.З.Матаев – Еркін ауылдық округінің әкімі

Ақпарат,

пайдалануға беру актісі

2.

Құрылыс мәселесі

 

 

 

2-5

Ынтымақ тұрғын ауданындағы инженерлік желілері құрылысын жүргізу

Инженерлік  желілерінің

құрылыс жұмыстары а.ж. аяқталсын

II тоқсан

Ж.Д. Телеубаев – құрылыс бөлімінің басшысының м.а.

Ақпарат,

пайдалануға беру актісі

2-6

Өтенай ауылында спорт алаңының құрылысын жүргізу

Құрылысты жүргізу үшін жер учаскесі қарастырылып, инвесторлар тартылсын

III тоқсан

Е.Н.Жетібаев – Өтенай ауылдық округінің әкімі

Ақпарат,

фотосурет

3.

Қоғамдық көлік

 

 

 

3-7

Саяжай қоғамдарына №31 маршрут және  Көктал тұрғын ауданына автобустардың қатынауы

Муниципалдық паркті ашу бойынша ұсыныс енгізілсін.

Жұмыс тобы құрылып, маршруттардағы автобустардың жүру кестесі, автобустардың жағдайы тексерілсін

I тоқсан

М.М. Қалиев – жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

Ақпарат

4.

Жолдар салу және жөндеу

 

 

 

4-8

Жастар-2 тұрғын ауданының жолдарына қиыршық тас төсеу

Бюджеттік тапсырысқа енгізілсін

I- IV тоқсан

М.М. Қалиев – жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

Ақпарат,

пайдалануға беру актісі

4-9

Батыс тұрғын ауданында жол салу құрылысы (оның ішінде Ғалымдар көшесі), Бетховен көшесін жөндеу

Жоспарға енгізілсін

II тоқсан

М.М. Қалиев – жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

Ақпарат,

пайдалануға беру актісі

4-10

«Мүшелтой» шағын ауданындағы көп қабатты үйлердің кіре беріс жолдарын жөндеу (оның ішінде №21, №31 үйлердің жолдары)

Жоспарға енгізілсін

II тоқсан

М.М. Қалиев – жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

Ақпарат,

пайдалануға беру актісі

 

 
Талдықорған қаласы әкімінің 2018 жылғы есеп беру кездесулерінде айтылған Талдықорған қаласы тұрғындарының ұсыныстары мен ескертпелерінің 2019 жылғы 1 сәуіріне орындалу барысы туралы ақпарат:

№ п/п

Ұсыныстар мен ескертепелердің мазмұны

Ұсыныстар мен ескертпелер бойынша атқарылған жұмыстар

1

Саяжай қоғамдарына №31 маршрут және Көктал тұрғын ауданына автобустардың қатынауы

  Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен Көктал және саяжай қоғамдастықтарына қатынайтын №31 маршруттың қозғалысы реттелді.

№31 және №31а маршрут желілері бойынша тасымал қызметін "Транстал" ЖШС көрсетеді,       автобус саны 4.  Аталған маршруттар Солтүстік-Батыс тұрғын ауданы мен саяжай қоғамының тұрғындары мен оқушыларының қолайлығы үшін  бөлінген, жұмыс кестесі оқушылардың сабақ кестесіне сәйкестендірілді. Автобустардың қозғалыс аралығы 20-25 минут.

 Көктал шағын ауданының тұрғындарына  №10 маршруты «Самал -  Көктал шағын аудандары» бағыты бойынша "Сайман" ЖШС кәсіпорны тасымал қызметін атқарады,  автобустарының жоспарлы саны 12.  Жолаушыларға тасымал қызметін тиісті түрде атқармауы себебінен аталған кәсіпорын 2 жүргізушіні жұмыстан босатты.

Қала бойынша қоғамдық көліктерімен жұмыс кестесінің сақталуын бақылау автобуста орнатылған GPS-мониторинг жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Маршрут бойынша жолға шығатын барлық қоғамдық көліктерінің жұмыс кестесі мен қозғалысы GPS-мониторингі арқылы қадағаланып отырады. Әр тоқсан сайын жол жүру қозғалысының қауіпсіздігіне қатысты іс-шаралар жоспарына сәйкес «Талдықорған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі жол-патрулдік қызметінің жергілікті полициясымен бірлесіп жолаушы тасымалын ұйымдастыру бойынша шарттық міндеттемелерін орындауына (қозғалыс аралағын сақтау, аялдамаларды мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарлау, автобус жүргізушілерін біріңғай формамен қамту), автобустардың уақыттылы техникалық және санитарлық өңдеуден өту бойынша рейдтік тексеріс жүргізіледі.

2

Жастар-2 тұрғын ауданының жолдарына қиыршық тас төсеу

Ағымдағы жылы Өтенай ауылының "Жастар-2" тұрғын ауданының 13 көше жолына (жалпы ұзындығы 11,5 шақырым) құм-қиыршық тас төсемін салу қарастырылған. Жұмыстарды жүргізу үшін бюджеттен 100 млн.тг. бөлінді. Сондай-ақ аталған ауданның  Нұрлы жол және Қонаев көшелеріне (жалпы ұзындығы 2 км) орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бөлінген сома-82,5 млн.тг. Құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айында жүргізіледі.

 
 

Талдықорған қаласы әкімінің 2018 жылғы есеп беру кездесулерінде айтылған Талдықорған қаласы тұрғындарының ұсыныстары мен ескертпелерінің 2019 жылғы 1 қаңтарына орындалу барысы туралы ақпарат:

 

р/с

Ұсыныстар мен ескертепелердің мазмұны

Ұсыныстар мен ескертпелер бойынша атқарылған жұмыстар

1.

«Үйтас» саяжай қоғамының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету туралы

 

 

 

 

 

2017 жылы «Геодезия Сервис» ЖШС- мен «Үйтас» саяжай қоғамын сумен жабдықтау бойынша жоба өңделіп, 2018 жылы сараптаманың оң қорытындысы алынды. «Үйтас» саяжай қоғамының жалпы көлемі - 261,1 га, оның ішінде құрылысы салынған аумақ - 16,76 га, учаскелер саны – 2026, тұрғындар саны - 6078.

2018 жылғы 28 тамызында «Талдықорған қаласының ТҮКШ бөлімі» ММ-мен «Талдықорған қаласындағы «Үйтас» саяжай қоғамын сумен жабдықтау» нысанының құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Қазіргі уақытта республикалық бюджеттен құрылыс-монтаж жұмыстарына қажет 1,0 млрд. теңге бөлінбеуіне байланысты, конкурс шаралары тоқтатылды. Құрылыс-монтаж жұмыстарына республикалық бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланады.

2.

Қалада балалардың демалысына арналған стационарлық лагерь ашу туралы

 

 

 

2017 жылғы 12 желтоқсандағы Талдықорған қаласы әкімдігінің «Жер учаскелерін және басқа да жылжымайтын мүлікті мемлекеттік мұқтаж үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» №712 қаулысы қабылданып, Талдықорған қаласы, Жасталап көшесі, 54/49 мекен-жайы бойынша орналасқан жеке меншік құқығындағы жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға жататын жер учаскелерінің қатарына енгізіліп, бекітілді. А.ж.. 12 сәуірінде сатып алу келісім шартының негізінде мүлікті мемлекеттік мұқтаждық үшін алып қою рәсімі аяқталды. Бұл учаске балалардың демалысына арналған стационарлы лагерьдің құрылысына арналған болып белгіленді.

Сәулет және қалақұрылысы бөлімімен жер учаскесін таңдау актісі мен ситуациялық кестесі жасалды.

Бүгінгі күнге ҚР 3.02-16-2014 құрылыс нормаларына сәйкес жұмыстар тоқтатылды.

3-4

  • Жаңа тұрғын аудандарға автобус маршруттарын ашу туралы;

  • Қалалық қоғамдық көліктерді заманауи, ыңғайлы автобустарға ауыстыру туралы

 

 

2018 жылғы 27 қыркүйектеқалада жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурс өткізілді. Конкурстың қорытындысы бойынша қоғамдық көлікпен тұрақты тасымалдау қызметін көрсетуші №4, № 13 маршруттарына Ынтымақ ауылының тұрғындарын қолайлы тасымалын қамтамасыз ету мақсатында өзгерістер енгізілді. Қозғалыс кестесі ауыл тұрғындарымен келісілді.

Сонымен қатар, Өтенай ауылының Шайқорған көшесі-Жастар-1 тұрғын ауданы мен қала орталығына дейін қатынайтын жаңа № 27 маршрут қозғалысы бекітілді, ол маршрут эксперименттік режимде іске қосылды.

А.ж. 1 тоқсанында "Ақнар" ЖШС, "Transtal" ЖШС тасымалдаушы кәсіпорындар 11 автобустар сатып алды, оның ішінде МАЗ - 8, ISUZU -3.

5.

Еркін ауылындағы Болашақ көшесі, 10 және 10а үйлеріне жөндеу жүргізу туралы

Еркін ауылдық округінің әкімі "Талдықорған қаласы тұрғын-үй қызметі" ЖШС-мен бірлесіп "2020 жылға дейінгі өңірлер дамуы" Бағдарламасын жүзеге асыру барысында Еркін ауылының Болашақ көшесіндегі 10, 10а үйлерін қайтару тәсілімен жөндеу мүмкіндігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Республикалық бюджеттен қаражат бөлінетін болса, аталған үйлерге қайтару тәсілі бойынша жөндеу жүргізілетін болады. Бүгінгі күнге бюджеттен қаражат бөлінбеді.

6-8

Көпқабатты тұрғын үйлердің аумағын абаттандыру мәселелері:

  • Шығыс шағын ауданы,

  • Ғ.Орманов көшесі Төлебаев көшесінің қиылысындағы үй,

  • Қаблиса жырау көшесіндегі үй,

  • Жастар шағын ауданы 36 үй

 

Қазіргі таңда 26 көпқабатты үй аулаларын (оның ішінде Шығыс ш.а. №20, №25 және Қаблиса жырау көшесіндегі №194 тұрғын үйлердің аумағын) аббатандыру бойынша жоба-сметалық құжаттама «Холд» ЖШС-ы жобалау мекемесімен әзірленуде.

Сонымен қатар, Қаблиса жырау көшесіндегі № 211, №211е, №211ж, № 213а тұрғын үйлердің аулаларын аббатандыру бойынша жобалау жұмыстары аяқталды, сараптама қорытындысы алынды.

Ғ.Орманов-Төлебаева көшелерінің қиылысындағы № 43, № 47 үйлердің ауласына абаттандыру жұмыстарын жүргізу "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру мақсатындажоспарға енгізілді. Бүгінгі таңда ТҮКШ бөлімі бұл жобаны қаржыландыратын демеушіні белгілеу үстінде.

«ЛАН» ЖШС мердігерлік ұйымы Жастар шағын ауданының №№32, 36, 36а, 36б тұрғын үйлердің ауласын абаттандырудың құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап, а.ж. қыркүйек айында қолданысқа берді.

9.

Өтенай ауылының Пушкин және Қазақстан көшелерін, Шығыс шағын ауданыңын Нұр көшесін жарықтандыру

Өтенай ауылының 15 көшесіне (Пушкин, Қазақстан көшелері енген) 555 дана түнгі жарық шам бағаналары орнату нысаны бойынша конкурс жарияланып, мердігер мекеме «Асыл тау» ЖШС-ы атанды. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2019 жылы аяқталады.

Шығыс шағын ауданындағы Нұр көшесіне «Жетісу жол құрылысы» ЖШС мердігер мекемесімен 48 дана түнгі жарық шам бағаналары орнатылды.

10

Брусиловский көшесін жөндеу туралы

Брусиловский көшесіне күрделі жөндеу жүргізу жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде "Қаланың қосымша және ауылдық елді мекендердің көшелеріне күрделі жөндеу" жобасы бойынша ағымдағы жылдың жұмыс жоспарында қарастырылған. "Ақ Сұңқар Ай" ЖШС мердігерлік мекемесі жұмыстарды жоспар бойынша аяқтады.

11

Қаблиса жырау - Ғ.Орманов көшелерінің қиылысына бағдаршам орнату туралы

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі "Талдықорған қаласының бағдаршам объектілерін орнату" (оның ішінде Қаблиса жырау мен Ғ.Орманов көшелерінің қиылысына) нысаны бойынша жобаны әзірлеп, мемлекеттік сараптаманын қорытындысы қазан айында алынды. Бағдаршам орнату жұмыстары 2019 жылға жоспарланып отыр.

12

Саяжай қоғамдарында медициналық учаскелер ашу қажеттілігі туралы

А.ж. 1 мамырда қолжетімді медициналық көмек көрсету үшін «Қызыл тас» саяжай қоғамындадәрігерлік амбулаториясыашылып, учаскеде медициналық көмек «Қызыл тас», «Мерекелік», «Қаратал», «Агропромышленник» саяжайларының және МТФ, барлығы 3102 тұрғындарына көрсетілуде.

 

 

 

 

 

 

 

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.