Бейсенбі, 12 Желтоқсан 2019
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі Жарлығымен Талдықорған қаласы Алматы облысының орталығы болып жарияланды.

"Талдықорған қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ

«Талдықорған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль

жолдары бөлімі» ММ 2019-2021 жылдарға арналған азаматтық

бюджеті бойынша анықтама

 

Бөлімге 2019 - 2021 жылдарға –  15 345 130,0 мың. тенге  бөлу жоспарланып отыр, соның ішінде:

2019 – 4 898 812,0 мың. тенге;

2020 – 5 095 765,0 мың. тенге;

2021 – 5 350 553,0  мың. тенге;

 

       Бөлімнің 2019-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары                             5  бюджеттік бағдарламаны іске асыруды қарастырады:

      - ББ 021 «Елдi мекендерде жол қозғалысы қауiпсiздiгін қамтамасыз ету» - 128,791 мың. тенге. Шығындар жол қозғалысын реттеу құралдарына қызмет көрсетуге және Талдықорған қаласында бағдаршам орнатуға жұмсалды.

       - ББ 022 «Көлік инфрақұрылымын дамыту»  - 48 735,0  мың. тенге.

Шығындар саяжай қоғамдарында  көпір салу  және жаңа тұрғын аудандарда жол салу үшін жобалық - сметалық құжаттаманы әзірлеуге бағытталған.

      - ББ 023  «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету»   -  986 569,0  тыс. тенге. Шығындар жолдарды  қысқы және жазғы мезгілде, аялдама кешендерін күтіп - ұстауға, аялдама кешендеріне лайтбокстар дайындау, орнату және күту жұмыстарына,  жарықтандырылған жаяу жүргіншілер өтпесіне қызмет көрсетуге жұмсалды. Сонымен қатар, жол қозғалысын реттеу құралдарына қызмет көрсету, жол таңбаларын сызу, жол төмпешіктерін орнату мен қалпына келтіру сияқты жұмыстарға кетті.

     -  ББ 024 «Кентiшiлiк (қалаiшiлiк), қала маңындағы ауданiшiлiк қоғамдық жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру » - 375 460,0  мың. тенге. Осы бюджеттік бағдарлама бойынша шығындар қалалық қоғамдық көліктерде (автобустарда) жолаушыларды тасымалдаумен байланысты шығындарды өтеуге, сондай-ақ диспетчерлік бағдарламаны техникалық қолдауға жұмсалған шығындарды өтеуге бағытталған.

     - ББ 045  «Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу»  - 3 млрд. 359 млн.тенге. Шығындар жолдарды орташа, күрделі жөндеуге, жоба-сметалық құжаттама әзірлеуге, авторлық және техникалық қадағалауға бағытталған.

          Жоғарыда аталған ББ іске асыру келесі мақсатты индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді:

         021, 022, 023, 024, 045 - қала тұрғындарының  тұрмыс дәрежесі көтереліп, әлеуметтік қорғалуы күшейтіліп, қаланың эстетикалық келбеті жақсартылып және  жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдардың  эксплуатациялық қызметі ұзартылып  және қала тұрғындарының өмір сүру сапасының жақсарылуына әкеледі. 

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.