Сәрсенбі, 17 Шілде 2019
Құрамына 8 елді мекен кіреді: Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы, Мойнақ ауылы, Еңбек ауылы, Пригородное ауылы, Ынтымақ ауылы, Еркін ауылы, 3-бөлімше.

Атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат

            

«Талдықорған  қаласының   жұмыспен қамту, әлеуметтік

бағдарламалар және   азаматтық хал  актілерін  тіркеу бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің 2019  жылдың 01 шілдесіне  атқарған

жұмыстары  туралы  ақпарат

 

 

         Қала халқының саны 173,2 мың адамды құрады. 

        «Талдықорған  қаласының жұмыспен  қамту,  әлеуметтік  бағдарламалар  және  азаматтық хал  актілерін  тіркеу  бөлімі» мемлекеттік   мекемесі және   «Алматы  облысы Талдықорған қаласы  әкімдігінің халықты  жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік  мекемелеріне    2019 жылдың 1 шілдесіне 3031 жұмыссыз азаматтар хабарласты. Осы  хабарласқан  азаматтардың  ішінен  2065 адам  тұрақты  жұмыспен   қамтылды.

 Жұмысқа  орналастырылғандар деңгейі  68,1 %, тіркелген  жұмыссыздық  деңгейі 0,9 пайызды  құрады.      

          Экономикалық белсенді тобының ішіндегі жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,4 пайыз.

           2019 жылға 3092 жаңа  жұмыс  орындарын  ашу жоспарланып, бүгінгі күнге 2353  жаңа жұмыс орны ашылды, құрылыс- 1642,  сауда- 159,  басқа   түрлері – 552 (жоспардың орындалуы 76,1 пайыз).

       2019 жылға қоғамдық  жұмысқа 1000 адамды жолдамамен  жіберу жоспарланып, 783 жұмыссыз азаматтар жолдамамен  жіберілді, оның ішінде  ҚБ «Ерлік»-10 адам, «Қазақ соқырлар  қоғамы»  ҚБ- 6 адам, «Байтерек» ҚБ - 6 адам, «Корпоративтік  фонд  Қазақ  соқырлар  қоғамында» - 8 адам.

       2019 жылдың 1 шілдесіне 141 мүмкіндігі  шектеулі  азаматтар хабарласып, оның ішінде 92  адам  қоғамдық  жұмысқа, 1 адам әлеуметтік жұмыс орнына, 30 адам  тұрақты жұмысқа, 18  адам кәсіби оқуға жолдамамен  жіберілді.          

         Аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік жағынан қолдау ретінде  мемлекет тарапынан   атаулы  әлеуметтік  1 шілдесіне жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмекпен  4099  отбасылар, 17752 отбасы мүшелері,  775,0  млн.  теңгемен қамтамасыз етіліді.  1 адамға орташа төлемі  14552  теңгені құрады.

         Тұрғын үй көмегімен  524  отбасы, оның ішінде 987  отбасы мүшелерімен  13,5  млн. теңге сомасында қамтамасыз етілді.  

 Жыл  басынан 55 түберкулез індетімен ауратын азаматтарға 3,1 млн. теңге қаражат  төленді.

Мүгедек   балаларды   үйде тәрбиелеп,  оқытатын отбасыларына төленетін әлеуметтік көмек  170 балаларға 5,3 млн. теңге тағайындалып төленді.

        2019 жылдың 27 мамыр күні «Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің   халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әл-ауқатын жақсарту,  жұмыссыздық деңгейін төмендету, кәсіпкерлікке қолдау көрсету, бос жұмыс орны туралы ақпаратты ұсыну мақсатында жәрменке өткізілді.

         Жәрменкеге 121 адам қатысты, жұмыс берушілердің бос жұмыс орындарына тапсырыстары бойынша18 тұрақты жұмысқа, 14 азамат қоғамдық жұмысқа жолдамамен жіберілді.

Талдықорған қаласындағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының жүзеге асыруда, әлеуметтік инфрақұрылым мекемелерде мүгедектерге арналған пандустар орнатылды.  Қазіргі таңда салынып, қолданысқа беріліп жатқан ғимараттардың барлығы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кедергісіз кіріп-шығуына пандустар салынған. Қалада әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарына пандустар құру, қайта құру  жұмыстары атқарылуда.

Қала    бойынша   мүмкіндігі шектеулі    азаматтарды тасмалдау        үшін 2  «Инватакси»   қызметі  жұмыс жасайды, 11 арнайы автокөлік мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасмалдайды.  «Инватакси» диспечерлік қызметі күніне 65-70 адам, айына 1400 адамға дейін қабылдайды.  

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес мүгедектерге арналған оңалту бағдарламасын іске асыру мақсатында гигиеналық құралдармен 662 адам, санаторлық-курорттық жолдамамен 567 адам, тифлоқұралдар 62 адам, сурдоқұралдармен 49 адам, протездік-ортопедиялық бұйымдармен 110 адам қамтамасыз етілді, қол арбамен 114 адам.    Жүріп   тұруы  қиын  1  топтағы   604   мүгедекке   жеке  көмекшінің  қызметі, 118  мүгедекке ымдау маманының қызметі ұсынылды.

1995 жылдың 28 сәуіріндегі № 2247 «Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес  Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне үнемі әлеуметтік көмектер көрсетіліп тұрады.

Қалалық мәслихат шешімімен бекітілген  «Талдықорған     қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы»  негізінде  17 Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және ардагерлеріне тұрғын үй коммуналдық қызметтеріне 2,4 млн. теңге бөлініп  ай сайын 7575 теңге жеңілдіктер  төленеді.   

Ұлы Отан соғысының  74-ші жылдық  Жеңісін мерекелеу қарсаңында       17 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне біржолғы материалдық көмек 500,0 мың теңгеден  материалдық көмек көрсетілді.

Қалалық әкімшілік және қаладағы мекемелер ардагерлерді үйден құттықтады. 17 ардагерге азық-түлік салынған пакеттер тапсырылды.

Ағымдағы жылдың 8 мамыр күні облыс әкімі Ұлы Жеңістің 74 - жылдығына арналған қабылдауына    Талдықорған   қаласынан 50  Ұлы Отан соғысының ардагерлерін және тыл ардагерлерін қабылдап, «Заңғар» мейрамханасында мерекелік дастархан жайды.

         9 мамырда мәңгілік сөнбес отқа гүл шоғы қойылды және  ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне әскери тамақ берілді.

Қала бойынша 325 ауған соғысының ардагерлеріне, 15 ақпан – Ауғаныстаннан кеңес әскерін шығарған күніне біржолғы материалдық көмек 15,5  млн. теңге бөлініп, 70000 теңгеден төленді.

Чернобыль апатына  қатысушыларына,  26 сәуір -  Чернобыль  апатының     күнініне    101 адамға  5,0  млн. теңге   материалдық көмек көрсетілді, әр қайсысына  50000 теңгеден төленді. 

         Әлеуметтік көмек  көрсету бөлімшесінде қазіргі таңда 251 адам тіркеуге  алынып, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі.  Қызмет көрсетілетін адамдар ішінде 1 адам Ұлы Отан соғысының мүгедегі мен  ардагерлері, 84 адам  тылда еңбек еткендер, 20 адам 1,2 топ  мүгедегі, Ұлы Отан соғысына қатысып, қайтыс болғандардың жесірлері 6 адам, 140 зейнеткерлер бар.

          Үйден  арнаулы  әлеуметтік көмек  көрсету бөлімшелерінде мүмкіндігі шектеулі 93 балаға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік медициналық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік–психологиялық, әлеуметтік экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік еңбек қызметтің  түрлері көрсетіледі.

«1 маусым – балалар күніне» арналған мейрамға «Самұрық» мейрамханасы – 40 балаға мерекелік дастархан жайды, ЖШС «JLC сүт» сүт өнімдерін балаларға таратты. «Tino pizza»атты пиццериясы -20 балаға дастархандарын жайып, әр балаға екі мың теңгелік Сертификаттар сыйлыққа берді. Қалалық Орталық саябағы- 50 балаға тегін аттракциондарда ойнауға мүмкіндік сыйлады, АҚ «Өңірлік даму институты» ӘБК Жетысу» – 10 баланы азық-түлікпен қамтамасыз етті. «Еркін» мешіті - 20 балаға сыйлыққа ойыншықтар таратты, «Нұр» мешіті – 20 баланы азық-түлікпен қамтамасыз етті. «Пятерочка» сауда үйінен балаларға киімдер сыйға берілді. Талдықорған қаласының Орталық сауда орталығынан – 10 балаға ойыншық сыйға берді, «Винни-Пух» атты ойыншықтар сауда бөлімі  – 10 балаға ойыншықтар сыйға берілді, «Әлдібек» сауда орталығынан – 25 балаға ойыншық сыйға берілді.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.