Сәрсенбі, 17 Шілде 2019
Қала аумағы 75,88 км2., тұрғындар саны 172,2 (1.01.2018 ж.), 70-тен астам ұлт және ұлыс өкілдері тұрады.

Атқарылған жұмыс бойынша ақпарат

«Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бойынша ақпарат
 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы  23 қазандағы №1654 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №1006  қаулысына сәйкес, Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қазандағы «Алматы облысының мемлекеттік басқару органдары штат санының лимиті және құрылымы туралы» №159 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» №257 қаулысының негізінде Талдықорған қаласының мемлекеттік басқару органдары штаттық санының лимиті және құрылымына өзгерту енгізіліп, қала әкімдігінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №34-1283 қаулысының 1-тармағына сәйкес «Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) құрылды.
         Бөлім 2012 жылғы 4 қаңтардан бастап ресми тұрде жұмысына кірісті. Бөлім штатында үш адам  қызмет жасайды: бөлім басшысы, сектор меңгерушісі, бас маман.
         Бөлімнің негізгі мақсаты кондоминиум қатысушыларының ортақ мүлкіне Бөлімнің лауазымды адамдарының тексеру жүргізуі арқылы тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
         Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 41-1–бабына сәйкес: Тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бакылауды жергілікті атқарушы орган кондоминиум қатысушыларының ортақ мүлкіне жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй инспекциясы лауазымды адамдарының тексеру жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Тексеру және бақылау «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
         Сонымен қатар, аталған заңның 41-2 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 сәуiрдегi № 473 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында Бөлім негізгі өкілеттіктерді орындайды:
1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық зерттеуді ұйымдастырады;
2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін және кезектілігін айқындайды;
3) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келіседі;
4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің
жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі
комиссияларға қатысады.
Жоғарыда аталған өкілеттіктерге сәйкес бөлім:
1) кондоминиум объектісінде үй-жай (пәтер) иелерінің ортақ мүлкін пайдалану, күтіп ұстау және жөндеу тәртібінің сақталуына;
2) көп қабатты тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау іс-шараларына;
3) анықталған келеңсіздіктерді жою жөнінде қабылданған шешімдер мен нұсқамалардың орындалуына;
4) кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының сапасына мемлекеттік бақылау қызметін жүзеге асырады.

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.