Сейсенбі, 18 Маусым 2019
Құрамына 8 елді мекен кіреді: Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы, Мойнақ ауылы, Еңбек ауылы, Пригородное ауылы, Ынтымақ ауылы, Еркін ауылы, 3-бөлімше.

Жалпы ақпарат

Мемлекеттік мекеменің толық атауы: "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Мекеменің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Еркін ауылы, Сулеев көшесі, №78.
Байланыс телефондары: 8(7282) 41-15-51, 8(7282) 41-05-63, 8(7282) 40-02-52
Факс: 8(7282) 41-15-51
Электрондық пошта: Erkinakimat@mail.ru
 


«Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

2005 жылы 14 қаңтар №1-3 Алматы облысы әкімдігінің және 2005 жылғы 14 қаңтар №14-97 Алматы облыстық маслихатының шешімдерімен құрылды.
"Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, ведомстволары жоқ.
Өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің өкімдері мен шешімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
"Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. Округ әкімінің аппаратында 12 әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер және 7 жеке еңбек шартымен қызметкерлер жұмыс атқарады.
 


Еркін ауылдық округінің әкімінің м.а. - Матаев Қайрат Замантайұлы
 

Матаев Қайрат Замантайұлы 24 маусым 1973 жылы Алматы облысы, Талдықорған қаласында дүниеге келді. Білімі жоғары. 1990 жылы Талдықорған қаласы, Еркін ауылындағы Е.Берліқожанов атында № 11 орта мектебін аяқтады. 2001 жылы Алматы қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде экономист мамандығы бойынша білім алды. 1991 жылы әскер қатарына шақырылды, әскери шені сержант. 2018 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің дене шынықтыру мамандығын тәмәмдаған. 2003 – 2007 жылдары Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр бекеті бойынша Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің кедендік бақылау инспектор лауазымын атқарды. 2008-2012 жылдары Алматы қаласындағы «Ал-Ас Карго» ЖШС-да бас директордың орынбасары болып жұмыс істеді. 2012-2018 жылдары «SBA Trade grup» ЖШС –да бас директорының орынбасары болды. 2018 ж. «Қайрат» ШҚ басшысы қызметін атқарған. 2018 жылдың 19 желтоқсанынан бастап арнайы тексеруден өткенге дейін Еркін ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

Үйленген, 4 баласы бар. КСРО самбо күресінен спорт шебері, Әлем біріншілігі бойынша самбодан қола жүлдегер, самбо бойынша Азия чемпионы.

 
 
 
 

 

 

 
Еркін ауылдық округі әкімінің орынбасары - Рыспеков Қанат Сағымқанұлы
Орынбасары - Қанат Сағымқанұлы Рыспеков 1980 жылы 22 қазанында Алматы облысы, Қапал ауданы, Қапал ауылында дүниеге келді. 1997 жылы Е.Жайсанбаев атындағы орта мектепті бітірді. 1997-2002 жылдары Алматы қаласындағы ҚазҰАУ «ауылшаруашылық өнімдерін стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша оқыды. 2002-2004 жылдары ҚазЕА және ӘҚ заңгер мамандығы бойынша білім алды. 2002 жылдан 2012 жылға дейін Алматы облысы ІІД қызмет атқарды. 2013 жылдың қараша айынан 2014 жылдың қараша айына дейін «Талдықорған қаласы Еркін селолық округінің әкімі аппараты» ММ-де ТҮҚШ бөлімінің басшысы болды. Ал 2014 жылдың желтоқсан айынан бастап Еркін ауылы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Тұрмыстық жағдайы – үйленген, 2 бала тәрбиелеп отыр. Спортпен айналысады және футболойнағанды ұнатады.
 
 
 
 
 
 


Еркін ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымы
 
р/с
Т.А.Ә.
Лауазымы
Байланыс телефондары
1
Матаев Қайрат Замантайұлы
Округ әкімі
401466
2
Рыспеков Қанат Сағымқанұлы
Әкімнің орынбасары
411552
3
Буенбаева Айгүл Таукенбайқызы
Бас маман
410563
4
Әбілбаев Дархан Қуатұлы
Ауыл шаруашылық бөлімшесінің басшысы
411551
5
Қаисаров Иманқұл Бахытжанұлы
Ауыл шаруашылық бөлімшесінің жетекші маман м.а.
411551
6
Абылхан Берік Нұрланұлы
Тұрғын үй шаруашылық бөлімшесінің басшысы
411551
7
Қажмұханұлы орал
Тұрғын үй шаруашылық бөлімшесінің бас маман ы
411551
8
Исабекова Гаухар Сейтақынқызы
Тұрғын үй шаруашылық бөлімшесінің бас маманы
411551
9
 
Тұрғын үй шаруашылық бөлімшесінің жетекші маманы
 
10
Дакеева Жанар Жанатқызы
Қаржы, экономика және салық бөлімшесінің басшысы
400252
11
Әкімханова Ардақ Рысақынқызы
Қаржы, экономика және салық бөлімшесінің бас маманы
400252
12
Еркінқызы айым
Қаржы, экономика және салық бөлімшесінің жетекші маманы
400252
 
 
Азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдау кестесі

 

Лауазымы
Т.А.Ә.
Апта күндері
Қабылдау уақыты

1.

Округ әкімі
Матаев Қайрат Замантайұлы
Сейсенбі-бейсенбі
09 00 - 13 00

2.

Округ әкімінің орынбасары
Рыспеков Қанат Сағымқанұлы
Дүйсенбі - сәрсенбі
09 00 - 13 00

WhatsApp Талдыкорган: +7 776 215 0555

Если Вы стали свидетелем какого-либо нарушения в г. Талдыкорган - необоснованного ценообразования, нарушения правил дорожного движения, мест стихийных свалок мусора, обрывов линий электропередач и водопроводов, упавших деревьев и билбордов, появлению бродячих животных или административному правонарушению - обращайтесь на горячую линию посредством Вашего смартфона используя сервис WhatsApp.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.